Жаңалықтар

Лигр туралы не білеміз?

Лигр — арыстанның аталығы мен жолбарыстың аналығынан туған мысық тұқымдасының дүние жүзіндегі ең алып өкілі.
04.11.2015 03:42 13083

Лигр туралы не білеміз?

Лигр  — арыстанның аталығы мен жолбарыстың аналығынан туған мысық тұқымдасының дүние жүзіндегі ең алып өкілі. Бүгінгі таңда арыстан мен жолбарыстың шағылысуы тек зоосаябақ секілді табиғи емес ортада орын алады, өйткені табиғатта өмір сүру ареалдары бөлек болатындықтан, бір-бірімен кездесе қоймайды. 2002 жылы дүние жүзі бойынша бар-жоғы 6 лигр болатын болса, бүгінде олардың саны 25 жетті. Алайда доктор Бхагавен Энтлдің пайымдауынша, лигрлер жабайы табиғатта мыңдаған жылдар бойы болған. Араға біршама уақыт салып, арыстан мен жолбарыстың популяциясы азаюы салдарынан олардың ареалдары екі бөлек болып кетті.

Аталық лигрлерде, кейбір ерекше жағдайларды қоспағанда, жал бола бермейді және арыстандарға қарағанда олар жүзе алады және жүзуді ұнатады. Лигрлердің тағы бір ерекшелігі, аналық лигрлер ұрпақ көбейте алады. Мұндай қасиет гибридтер арасында сирек кездеседі.

Лигр өзіне қарама-қарсы гибрид Тиглоннан (аталық жолбарыс пен аналық арыстанның ортақ баласы) әлдеқайда ірі. Мұның түпкі себебі гендік импринтингпен байланысты болуы мүмкін. Гендік импринтинг кезінде ұрықтың немесе плацентаның өсуіне жауапты гендер әдетте аталық хромосомаларда, ал ұрықты өсуін баяулататын гендер аналық хромосомаларда жұмыс істейді. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, полигамиялық түрлерде (олардың ішінде арыстан да бар) аталық ген моногамиялық (жолбарыс солардың үздік мысалы) түрлерге қарағанда күштірек. Лигрлер арыстан әкесінен өсуді ынталандыратын генді, ал анасынан өсуді тоқтататын генді алады. Лигрдің жағдайында аталық геннің ұрыққа ықпалы аналық геннен осылайша жоғары болғандықтан және аталық ген ұрықтың өсуін күшейтетіндіктен лигр тиглоннан үлкен болып шықты. Тиглон болса, керісінше, арыстаннан да, жолбарыстан да кіші келеді, себебі жоғарыда айтылғандай, ұрықтың өсуіне жауап беретін жолбарыстағы аталық ген әлсіздеу болады.

Бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі лигрдің есімі Геркулес. Ол «Джангл Айленд» интерактивті саябағында өмір сүреді.

Геркулес – 2002 жылы Майами қаласындағы (АҚШ) Сирек кездесетін және жойылу алдындағы түрлер институтында дүниеге келген. Оның дүниеге келуі кездейсоқ жағдайда орын алған. Артур есімді аталық арыстан мен Айла есімді аналық жолбарыс бір торда болып, жоспарланбаған шағылысу жүзеге асқан. 2006 жылы Гиннес рекордтар кітабына Жер шарында өмір сүретін мысық тұқымдасының ең ірі өкілі ретінде кірді.

Лигр туралы не білеміз?

Лигр туралы не білеміз?

Лигр туралы не білеміз?

Лигр туралы не білеміз?

Лигр туралы не білеміз?

Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға