Жаңалықтар

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО АССАМБЛЕЯНЫҢ ҒАЛАМТОР-РЕСУРСЫН БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО АССАМБЛЕЯНЫҢ ҒАЛАМТОР-РЕСУРСЫН БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ
15.02.2019 04:45 2133

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенконың республикалық этномәдени бірлестіктері жетекшілерімен кездесуі өтті.

Күн тәртібіне 2019 жылдың екінші жатырысына жоспарланғанын ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық тіркеу мәселесі шығарылды.

Сонымен қатар, Л. Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясының ғаламтор-ресурсын (assembly.kz) белсенді пайдалануға шақырды. Оның ішінде этномәдени бірлестіктерге сайтты өз жұмысына қатысты түрлі ақпаратпен үнемі толтырып, уақыт өткен сайын жаңартып отыру қажеттігін атап өтті.

ҚХА Жол картасы аясында этномәдени бірлестіктердің «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен бірлесіп жұмыс істеу керектігіне назар аударды.

Қатысушылар арасында конструктивті сұхбат пен пікір алмасу орнап, оынң барысында үстіміздегі жылдың жоспары пысықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға