Жаңалықтар

Әлемді таңдай қақтырған ұлттық киім

Отандық дизайнер Милан төріндегі сән апталығында  еуропалықтарды туындысымен тәнті етті
Әлемді таңдай қақтырған ұлттық киім
Фото: baribar.kz 27.09.2022 16:59 3453

Милан төріндегі сән апталығына ұлттық үлгідегі коллекциясын апарған отандық дизайнер Анастасия Романова еуропалықтарды туындысымен тәнті етті, деп хабарлайды El.kz

Оюлы, қос етек көйлек, қыпша бел камзол мен көз тартар сәукеле сән әлемі серкелерінің ғана емес, Милан тұрғындарының да таңданысын туғызды. Анастасия командасындағы қыздармен бірге ұлттық үлгідегі көйлектерін киіп, қала көшелерін аралаған. Италиялықтар қыздармен суретке түсіп, еліміздің мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылық танытыпты. 

Қазақ киіміне ғашық болған тек еуропалықтар ғана емес екен. Жуырда оңтүстік кореялық белгілі тиктокер Шинсама шапан киді. Сымбаты келіскен жігіт желіге шапанмен түскен екі бірдей бейнероликті жариялады. Екеуінің қаралымы бірнеше күн ішінде 3 миллионнан да асып кетті. Желі қолданушылары: «Димашы бар, әдемі ұлттық киімі бар қазақтар қандай бақытты», «Өте әдемі киім, мен де шапанға тапсырыс беремін», «Қазақ болу трендте» деген сынды мыңдаған пікір қалдырыпты.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға