©Pixabay.com

Лабубу өндірушілер «Газпром» компаниясын басып озды

22.07.2025 20:39

Лабубу сынды танымал коллекциялық ойыншықтармен танымал Қытайдың Pop Mart компаниясы нарықтық капитализациясы бойынша Ресейдің «Газпром» компаниясын басып озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Companies Market Cap платформасының мәліметінше, 2025 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Pop Mart компаниясының нарықтық құны 42,4 миллиард долларды құраған. Ал «Газпромның» құны 38,8 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Осылайша, Pop Mart компаниялар арасындағы жаһандық рейтингте 518-орынды, ал «Газпром» 569-орынды иеленді.

Сарапшылар пікірінше, қытайлық компания құнының өсуі бүкіл әлемде дизайнерлік және коллекциялық ойыншықтарға сұраныстың артуымен байланысты. Ал «Газпром» санкциялық қысым мен экспорттық табыстың төмендеуі салдарынан қиындықтарға тап болған.