Жаңалықтар

Ләйлә Төрешова: Қызылорда облысында ағымдағы жылға үш ірі жоба жоспарланған

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі мәселелері бойынша республикалық кеңейтілген кеңесте өңірлік ҚХА қызметінің жұмыстары таныстырылды.
Ләйлә Төрешова: Қызылорда облысында ағымдағы жылға үш ірі жоба жоспарланған
03.04.2019 12:25 2300

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі мәселелері бойынша республикалық кеңейтілген кеңесте өңірлік ҚХА қызметінің жұмыстары таныстырылды.

Қызылорда облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова аймақта жүзеге асырылып жатқан жұмыс барысын қысқаша атап өтті.

«Бүгінде облысымызда он бір этномәдени бірлестік қызмет етуде. Олардың барлық жобалары аймақтық бюджеттен қаржыландырылады.

Былтырғы жылы «Сыр елі – достық мекені» жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен отыздан астам іс-шара өткізілді. Оларға Оңтүстік Кореядан, Татарстан, Өзбекстан, Шешенстан Республикаларынан және Швейцариядан делегация қатысты.

Облыстық ҚХА-ның барлық құрылымдары белсенді жұмыс жүргізуде. Жоспардан бөлек түрлі форматтағы іс-шараларды да ұйымдастырады», – деді Хатшылық меңгерушісі.

Сонымен қатар Ләйлә Төрешова Аналар кеңесі жұмысының жаңа бағыты есебінде белсенді, табысты, қоғамдық пікірдің көшбасшысы әйелдерінен құрылған топтың жұмысына тоқталып өтті. Аймақта жыл сайын Аналар кеңесі форумын өткізу дәстүрге айналған.

Облыстық ҚХА-ның ақпараттық-насихаттық тобының жұмыс форматы өзгертілген, аудандар мен ауылдық округтерде көшпелі жиындар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, тақырыптық дөңгелек үстелдер, оқыту семинар-тренингтер, қоғамдық медиаторлармен кездесу, қоғамдық қабылдау, тарихи-танымдық конференциялар мен деректі фильмдер көрсету, қайырымдылық және кітап акциялары.

«Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстарын жүзеге асыру үшін «Жол картасы» әзірленген. Медиация бағыты бойынша облыста сексен екі кездесу, он бес оқыту семинары, алғаш рет облыстық медиаторлар слеті өткізілді.

Ағымдағы жылда үш ірі жоба – «Қайырымдылық керуені», «Сыр елі – достық мекені» этномәдени бірлестіктердің мерекелік күндері және «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедиция жоспарланған. Сондай-ақ «Жаңғыру жолы» облыстық жастар қозғалысы, «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы маңыздыларының қатарына еніп отыр.

Алдағы уақытта отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған фестиваль өтетін болады.

Жалпы аймақта облыстық ҚХА-ның жұмыстарын жүргізу үшін барлық жағдай жасалған», – деп, жоспарларымен бөлісті Ләйлә Төрешова.    

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ БАҒЫТЫН ЖАЛҒАСТЫРУ – БІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТІМІЗ

ШҚО ДОСТЫҚ ҮЙІ: ҚХА ҚЫЗМЕТІН БАЛАЛАР ТЕЛЕАРНАДАҒЫ БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ ТАНЫСТЫРАТЫН БОЛАДЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға