BAQ.KZ Жастарға тегін оқуға мүмкіндік сыйлаған бағдарлама

«Болашақпен» әлемнің озық университеттерінде оқу үшін нені ескеру қажет?

«El.kz» порталының «Пайдалы подкаст» жобасының кезекті саны «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің озық университеттеріне оқуға түсуге арналады. Соған орай біз осы бағдарлама арқылы АҚШ-тың білім жүйесін меңгеріп, биыл елге оралған Айнұр Жақыповамен әңгімелескен болатынбыз. Емін-еркін әңгіме барысында студия қонағы өзінің тәжірибесімен және сыртта білім алатын қарапайым қазақ баласы ескеруі тиіс маңызды кеңестерімен бөлісетін болады. Оның жүргізушсі – Сабина Кәкімжан.
Жоба жайында: «Пайдалы подкаст» («Полезный подкаст») апталық жобасының мақсаты студия қонағы ретінде шақырылған әр саланың мамандары ең маңызды сауалдарға жауап беріп, өз білгенімен бөліседі. Жобаның әр шығарылымы бір-біріне ұқсамайтын алуан тақырыптарымен ерекше. Онда жоба жүргізушісі шетелдік озық университеттерге тегін оқуға түсу, өз кәсібіңді ашудың қыр-сыры секілді қазіргі заманғы адамның білуі қажет көкейкесті тақырыптар жайында студия қонақтарымен әңгіме өрбітеді. Подкаст қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.