Соңғы подкасттар

EL.KZ Жастарға тегін оқуға мүмкіндік сыйлаған бағдарлама
  • «Болашақпен» әлемнің озық университеттерінде оқу үшін нені ескеру қажет?

    «El.kz» порталының «Пайдалы подкаст» жобасының кезекті саны «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің озық университеттеріне оқуға түсуге арналады. Соған орай біз осы бағдарлама арқылы АҚШ-тың білім жүйесін меңгеріп, биыл елге оралған Айнұр Жақыповамен әңгімелескен болатынбыз. Емін-еркін әңгіме барысында студия қонағы өзінің тәжірибесімен және сыртта білім алатын қарапайым қазақ баласы ескеруі тиіс маңызды кеңестерімен бөлісетін болады. Оның жүргізушсі – Сабина Кәкімжан.
    Жоба жайында: «Пайдалы подкаст» («Полезный подкаст») апталық жобасының мақсаты студия қонағы ретінде шақырылған әр саланың мамандары ең маңызды сауалдарға жауап беріп, өз білгенімен бөліседі. Жобаның әр шығарылымы бір-біріне ұқсамайтын алуан тақырыптарымен ерекше. Онда жоба жүргізушісі шетелдік озық университеттерге тегін оқуға түсу, өз кәсібіңді ашудың қыр-сыры секілді қазіргі заманғы адамның білуі қажет көкейкесті тақырыптар жайында студия қонақтарымен әңгіме өрбітеді. Подкаст қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.