Танымал газдалған сусынға жұрт неге құмар?

Пайдасынан зияны шаш етектен келетін қоңырқай сусынды жұрт тұтына беретіні қалай?

Қазіргі таңда газдалған сусындардың түрі өте көп. Түсіне байланысты қара, қоңыр, ақ және сары газдалған сусындар болып бөлінеді. Ал құрамына байланысты қанты бар немесе қанты жоқ болып бөлінеді. Солардың бірі – қара түсті, газдалған «Кока-кола» сусынын ішіп көрмеген және ішпейтін адам жоқ шығар, сірә?! Бірақ, ішпейтін адамдарды да кездестіруге болады. Қызыл қaқпaқты бұл сусынды eңбeктeгeн баладан eңкeйгeн кәріге дейін сіміріп жатады. Бұл сусынның пайдасынан гөрі зиянының көптігі жайлы аз жазылған жоқ. Өкінішке орай, айтылған сөзді ecтip құлaқ тaбылмaй жaтқaны ғaлaмды тұтac жaулaп, әлeмдiк нapықтa iрi сұpaныcқа иeк apтқан бұл cуcынды жaлпы адам бaлaсынa ішуге бoлa мa? Қaзaқcтан Рecпубликacының дeнcaулық caқтaу саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталмыш газдалған сусын жайлы «El.kz» интернет-жобасына қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы пікірін білдірді.

 

Сусынның қысқаша тарихы мен құрамы

130 жылдан астам тарихы бар Кока-кола сусынның құпиясын АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан бас кеңсесі аша қояр ма екен? 1886 жылы сусынды ойлап тапқан фармацевт-доктор Джон Стит Пембертон (John S.Pemberton), «Ешқашан және әлемде ешкімге сусынның құпиясын айтпаймын» деп мәлімдеген.

Қаншалықты дұрыс және бұрыс екендігі белгісіз тарихи деректерге сүйенсек, аталмыш газдалған сусынды ойлап тапқан Д.C. Пембертон сол кездегі фабрикада 23 жыл тынымсыз жұмыс істеп, осындай «тәтті» қара сусынды өмірге әкелген көрінеді.

Әлемде алғаш рет 2006 жылдың 15 қыркүйегінде, Түркияның Анталия қаласының тұтынушылар сотында сусынның құрамына байланысты Кока-колаға қарсы соттың істі қарауы басталған. 2007 жылдың 19 наурызында соттың 3-отырысы өтті.

Құпия ашылды. Бірақ Түркия мен әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары шын деп қабылдамады. Кока-кола(Coca-Cola) – нарықтағы алпауыт, онымен байланысудың қажеті жоқ» деген түсініктің арқасында БАҚ-та сот ісін жүргізудің себептерін жарыққа шығарып, жария етпеді.

Не десе де, жарнамалық кампанияны қолдау үшін Кока-кола – үлкен қаражатқа ие. Олар кез-келген көрсеткіштермен ойнай алады. Сіз бар болғаны тұтынушысыз. Сіз оларға қарсы шықпайсыз. Сұрақ та қоймайсыз.

Сонымен, коланың құпия формуласы кошениль(Cochineal) жәндіктерін ұсақтау арқылы пайда болған сұйықтық деседі. Кошениль – Канар аралдары мен Мексикада мекендейтін жәндік. Ол қарапайым ортада көбейеді және ауыл шаруашылық саласында да қолданылады.

Бұл жәндік кактус өсімдігіне кене сияқты жабысып алып, өмір сүруін жалғастыра береді.  

Кактустағы жәндіктердің ұясы...

 

Кошениль жәндіктері үшін арнайы алқаптар дайындалады. Төменде кошениль жәндігі алқабы көрсетілген. 

Бұл жәндіктерді алқаптардан Мексикадағы ауыл тұрғындары жинап алады...

Езілген Cochineal жәндігі және жәндіктер шоғырының ішкі сұйықтығы. Осы жәндіктердің аналықтары мен жұмыртқасынан кармин(carmin) деп аталатын пигмент алынады. Және сұйық кармин пигменті.

Кошенильдің сатылымға дайындық сатысы

Кептірілген кошениль. Мейізге ұқсайды, иә? Бірақ бұл кептірілген жәндіктің бір түрі.

Ауыл тұрғындары дайындаған кептіріліп, ұнтақталған кошениль.

Ауыл тұрғындары классикалық әдістерді қолдана отырып, жәндіктерден әлемдегі ең әдемі түстің бірі – карминді алады. Ацтектер мен латындар матаны бояу үшін осы түсті қолданған.

Осылай жәндіктерді ұсақтап, езу арқылы сұйықтық пайда болады.

 

Барлық Сola сусынының қысқаша мазмұны

(немесе марканың маңызы бар деп ойлайсыз ба?)

Денсаулыққа зиянды болғандықтан, алдымен бұл сусынды Үндістанның Жоғары соты таратуға тыйым салған. Кейіннен Латвия елі Coca-Cola мен Pepsi сусындарын бастауыш сыныптарда таратылуына тыйым салса, ал Англия мен Украинада тек бірнеше мектепте тыйым салынған екен.

«Cola» дегеннің шикізаты мия тамыры, ал бұл тамырмен түрлі сүтқоректілер қоректенеді. Соның ішінде тышқандар да онымен қоректенеді. Өндіріс кезінде бұл өсімдік тамырларын үлкен компаниялар экскаватордың көмегімен тонналап жинайды. Тонна-тонна тамырларды жинаған кезінде олар тышқандардан тазартып отыруға қауқарсыз.

Сол себептен, мия тамырларының арасында болған жәндіктермен бірге престелу кезеңі өтеді. Тек сол кезде ғана аңның терісі, табандары және т.б. осы массадан алынып тасталады. 

Сусын күңгірт түсті болғандықтан, өсімдік тамырларының сұйықтықтығымен бірге, тышқандардың қаны мен асқазан сұйықтығы көзге көрінбейді.

Әрине, Cola сусынын өндіретін алып компаниялар химиялық заттардың көмегімен зиянды заттарды бейтараптандыруға тырысып бағады, өндіреді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, 23 жыл жұмыс істеп сусын ойлап тапқан фармацевт өмірінде ешқашан бір стақан да кола ішпеген көрінеді.

Ары қарай өзіңіз ойлай беріңіз...

Karmin Cochineal жәндігінің сұйықтығы, «Kosher» сертификатын ала алмаған, сондықтан, кейбір елдерде оны өндіруде қиындықтар туындайды. Кейбір мұсылман елдерінде бұл сусынға тиым салынып, харам деп саналған.

Бұл сусын бүкіл әлемдегі адамдар арасында кең танымалдылыққа ие болды. Күн сайын планетада миллиондаған адамдар оны сатып алып ішеді. Бұл сусын ХІХ ғасырдың соңында пайда болғанымен, қазіргі уақытта да сусындардың арасында бірінші орынды ұстап тұр. Сонымен қатар, қазіргі таңда Кока-коланың басқа да түрлері бар. Мысалы, Pepsi-cola, Afri-cola, Cola Turka т.б.

Осы танымал сусынды ішкеннен кейін ағзамызға қалай әсер ететіні жайлы ойладық па?!

 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жанар Төлебаеваның пікірінше:

Алғашқы реакция қанттың қанға түсуіне байланысты. Сусын асқазанға түсіп, өңешке таралып, ішектің қабырғасына тез арада сіңеді. Кока-кола бауыр және ұйқы безінің шырышты қабығын тітіркендіру салдарынан, көмірсуларды майлы шөгінділерге ауыстырады. Мұндай реакция инсулиннің күрт және әркелкі шығарылуын тудырып, қантты көтереді. Шамамен жарты сағат өткеннен кейін ағзада кофеиннің сіңуі тоқталып, адам өзін көңілді сезінеді. Көздің қарашықтары кеңейіп, артериялық қысым тез арада көтеріледі. Сонымен қатар, аденозин рецепторлары сезімталдығы төмендейді. Мұндай салдарлар адамның жүйке жүйесін қоздырып, оны ұйқышылдықтан босатады. Психоэмоционалдық орта «үзілгеннен» кейін дофамин гормоны жедел ырғақта түзіле бастайды. Ол мидың рахат орталығына жауапты болғандықтан жағымды сезім тудырады. Адам қуаныш пен тыныштықты сезіне бастайды. 50-60 минуттан кейін фосфор қышқылы әсер ете бастайды. Ол несеп айдайтын әсер көрсете отырып, денеден артық сұйықтықтың шығарылуына ықпал етеді. Сұйықтықтың жылдам шығарылуы ағзадан кальцийдің, мырыштың, натрийдің және магнийдің жоғалуына әкеледі. Аталғандардан басқа ағзалар мен жүйелердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті электролиттер мен су ағзадан табиғи жолмен шығады. Ағзаға пайдалы заттардың жетіспеуінен адам тітіркенгіш болып, өзін нашар сезінеді. Мұның бәрі тек 1 стақан газдалған сусынның әсері.

Пайдасы 

Боялған газды сусынның адамның денсаулығына аз болса да пайдасы бар. Ең бастысы, бұл сусынды өте сирек ішіп әрі мөлшерден тыс көп қолданбаған жөн. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде, ғалымдар бұл сусынды тәуліктік нормасы 300 мл көрсеткіштен аспай қолдану керектігін алға тартады.

«Газдалған сусын көңіл-күйді көтеріп, адамға қуат береді. Бірақ бұл әсер ұзаққа созылмайды. Кофеин есебінен ол ақыл-ой мен физикалық жұмыс қабілетін күшейтеді. Кока-коланы шаршаған кезде қолданған дұрыс. Бірақ сусын тек қысқа уақытқа ғана мидың нейрондарын ынталандырып, оның қызметін жақсартатынын ұмытпау керек» дейді Жанар Төлебаева.

Тағы бір пайдасы, Кока-коланы тазалық құралы ретінде қолдануға болады.  Қолжуғыш (раковина), унитазды тазалағыңыз келсе коланы құйып жарты сағат күтіңіз де жақсылап ысқышпен тазалаңыз. Дәретханаңыз жарқырап, су жаңа кейіпке енеді.

Сондай-ақ, бұл сусынды өндірістерде белсенді түрде станок, машина, аппараттарды тазалау және автомобильдерге техникалық қызмет көрсету стансаларында көптеген детальдар мен механизмдерді тазарту үшін қолдануға болады. Мұндай артықшылықтарын өзіңіз де тексеріп көре аласыз. Ал, бұл сусынды шектен тыс қолданып денсаулығыңызға қиянат жасамаңыз. Әрине, ешкім бұл «тәтті» сусынды ішуге тыйым сала алмайды, бірақ адам ағзасына зияны шаш етектен.

 

Зияны 

Жүрек-қан тамырлар жүйесіне теріс әсер етеді.  Ағзаға зияндылығы мен сусынның құрамында кофеиннің жоғары болуымен байланысты. Кофеин артериялық қысымға зиянды түрде әсер етеді. Коланы гипертониядан зардап шегетін адамдар ішпеу керек. Кофеин жүрек бұлшық етіне қосымша зиян келтіреді. Әлсіз қан ұюы бар адамдарға бұл сусынды ішуге тыйым салынады. Аталмыш танымал сусынның тәтті құрамы қан ұю процестеріне теріс әсер етеді. Сусынды жүйелі әрі тұрақты түрде қабылдау – жүрек ақауының даму қаупін 60%-ға арттырады.

Ағзадағы кальцийдің мөлшері азаяды. Бұл сусынды тұрақты түрде пайдалану сүйек тініндегі кальцийдің азаюына алып келеді. Бұл әсер өнімде ортофосфор қышқылының болуына байланысты болады. Кальций тапшылығының болуы, әсіресе, егде жастағы адамдар мен сәбилер үшін өте қауіпті. Сусынды тұрақты түрде пайдаланған кезінде тірек-қимыл жүйесінің патологиялары пайда бола бастайды. Сонымен қатар, тістің эмалы бұзылып, сынып, тісжегісі (кариес) пайда болады.

Ағзадағы қант мөлшері артады. Коланың бір бөтелкесінде 10 шай қасық қант бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, күніне ең көп 6 шәй қасығы қант тұтынуды ұсынады. Яғни күніне бір ғана коланы ішу осы ұсынған көрсеткіштен айтарлықтай дәрежеде асып кетіп отыр. Заттың мұндай мөлшері ағзаға өте зиянды. Әсіресе балалардың денсаулығына өте зиянды. Бұл «тәтті» сусынды қолдану бірқатар ауруларға душар етеді. Коланы тұтыну нәтижесінде ағзадағы зат алмасу процестері бұзылады. Мысалы, семіздікке, 2-типті диабетке, жүйке бұзылыстары мен баяу ойлауға әкеліп соқтырады.

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мәліметтері бойынша, күніне 1-2 бөтелке «тәтті» сусынды ішетін адамдардың 2-типті қант диабетінің пайда болуы мүмкіндігі 26%-ға артқан.

Сондай-ақ, Medical News Today журналының зерттеуінше, осы қызыл қақпақты «тәтті» сусынды пайдаланғандықтан жыл сайын 184 мың адам жаһандық өлімнің құрбандығына ұшырайды.  

Қышқылдықты арттырады. Асқазан-ішек жолдары ауруларымен, жоғары қышқылдықпен, асқазан-ішек жолдарының жарасы және гастриттен зардап шегетін адамдарға коланы мен сол тектес сусындарды ішуге болмайды. Сусынды тұрақты түрде қабылдау асқазан жұмысының бұзылуына әкеліп соқтырады. Жүйелі түрде қабылдау салдарынан жіті панкреатит дамиды, яғни ұйқы безі мен өт шығару каналдарының қызметі бұзылады.

 

Жоғарыда келтірілген мәліметті ескере отырып, «қара газдалған» сусынның пайдалы қасиеттері өте аз деген қорытынды жасауға болады. Кока-коланы асыра пайдалану салдарынан сіз өзіңізге зиян келтіресіз. Бұл сусынды кейде аз мөлшерде қолдану үлкен зиян келтіре қоймас. Бірақ, аз қолданамын деп ағзаңызды мұндай газды сусындарға үйретіп алмаңыз.

Не де болса пайдасы жоқ «газдалған қара сусынның» орнына, ұлттық дәмімізге айналған саумал, қымыз, шұбат ішіп өз денсаулығымызды нығайтайық! Ал, сізге денсаулық керек пе?

Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

(Cуpeттер интернеттен aлынды)

#денсаулық #зиян #пайда #сусын #кола #Coca-cola #газды су

Ұқсас материалдар

Әріптестер