Есірткі – ажал апаны

Қазақстанда 23,5 мың адам нашақорлар тізімінде тұр

26 маусым – нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні. 1987 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында есірткіден еркін халықаралық қоғам құру жөніндегі алғашқы міндеттерді орындау үшін 26 маусымды халықаралық нашақорлықпен күрес күні (International Day Against Drug Abuse and Illicit Trafficking) деп белгілеуге шешім шығарған еді.

Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы.

Еліміздегі есірткіге тәуелді 23,5 мың адам тіркеуде тұр (қоғамдық ұйымдар есірткінің құрығына түскендердің саны 120 мыңнан асып жығылатынын айтады). Бір қуантарлығы соңғы бес жылда олардың саны 35%-ға азайған. Оның ішінде 124-інің жасы 18-ге жетпеген болса, 1735-і әйел адамдар. Бес жылда есірткіге байланысты 19 мың қылмыс тіркелген.

БҰҰ мәліметінше, әлемде есірткіге ең құмар халық АҚШ-та тұрады. Бұл мемлекеттегі 28,6 млн адамның зиянды әрекетке әуестігі бар. Мұнда дозаны артық қабылдаудың кесірінен жылына 200 мың адам ажал құшады. Олардың көбінің жасы 23-ке де жетпейді екен.

Сонымен, миллиондаған адамды шырмауына түсіріп жатқан кейбір есірткі түрлері мен алкоголь адам ағзасына қалай әсер етеді? Британдық психиатр, нейропсихофармакология ғылымының профессоры Дэвид Натт пен зерттеуші топ бізге өте қажетті ақпараттар ұсынады.

Героинның зияны

Героин – қолданғандарды психикалық, физикалық тәуелділікке түсіретін опиоидты есірткі түрі. Себебі, инъекция кезінде есірткі қантамырлар жүйесі мен орталық жүйке жүйесіндегі гематоэнфаликалық кедергіні аттап өтіп миға тез сіңеді.  Мида дофаминді жылдам өндіруге кіріседі. Өз кезегінде бұл гормон адамға 200% ләззат сыйлауға қауқарлы. Ғалымдар жануарларға герионды жібере отырып, осындай пікірге келген.

Героин ауруды бақылап, ләззат сезімін арттыру үшін мидағы табиғаттың өзі берген затты имитациялай алады. Яғни, бұл есірткі жаратылыстан берілетін ми қызметіндегі  бір жұмысты алмастыруға шамасы келеді. Дағдыланудың қосымша механизмі  ретінде глутаматтың (маңызды қоздырушы медиатор) өндірілуі арта түсуін айтуға болады.

Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Нағыз мазасыздық күй соңғы дозаны қабылдағаннан соң, 4-24 сағатта орын алады да, нашақордың бұл затқа қажеттілігі күрт арта түседі. Сонымен қатар, азғаның героинға толеранттығы күшейіп, адам одан да көп дозаны қабылдағысы келіп тұрады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады. Себебі, есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір өлімге алып келетін себеп ­– орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозалану. Сарапшылар героинды тәуелділікке әкелетін есірткі ретінде ең жоғары балмен бағалап отыр.

Кокаин  өлімге жетелеуші

Кокаин – кока өсімдігінен (эритроксилуим) дайындалатын алкалоид. Табиғатта эритроксилуим инсектицидтің (жәндік жоятын) рөлін орындайды және өсімдік жапырағы мен бұтақтарын түрлі құрт-құмырсқа мен шыбын-шіркейден қорғайды. Кокаин орталық жүйке жүйесін сұмдық ынталандырып, эйфория сезімін шақырады екен.

Жалпы мидағы қайтарым жүйесі белгіленген қағидалармен жұмыс жасайды. Нейромадиатор (бұл жағдайда дофамин)синапс деп аталатын нейрондардың  аралық кеңістігіне түседі. Мамандандырылған рецепторлар оның пайда болуы үшін арнайы дыбыс береді де, ықпалын тоқтату мақсатында нейромедиаторларды өшіріп тастайды. Кокаин дефаминді қайта-қайта жұмыс істеуге иетермелеп, ләззат алуды одан сайын күшейте түседі. Алайда, эйфория мәңгілік емес, есірткінің күші кеткенде қолданушының жаны  жабырқап, құлазитын болады. Сонымен қатар, шаршау, қорқыныш, үрей, ұйқысыздық секілді қосымша жайсыздықтары да бар.

Кокаин жүрек-қан тамыр жүйесіне аса қауіпті. Оның кесірінен құрысу мен түйілулер орын алып, миға қан құйылуы мүмкін. Жүрек жұмысы бұзылып, басқа да азғаларға аса зиян келеді. Тағы бір негативті эффект – адам өзін-өзі бақылауда ұстай алмайтын қауіпті писхоз күйі. Айтпақшы, «кокаин өзіне тәуелді етпейді» деген алып-қашпа әңгіме бар, бірақ ол – жалған. 

Никотиннің қаупі

Никотин – кокаин секілді алкалиод, ол да табиғатта жәндіктермен күресу функциясын атқарады. Бұл басқалармен салыстырғанда ерекше тәуелділікке алып баратын табак. Никотин өкпе арқылы кіріп, миға жетеді. Бұдан кейін никотинді ацетилхолинді рецепторлар белсеніп, адреналин деңгейі арта түседі. Бұл адамның әртүрлі ағза жүйесін ынталандырып, біршама белсенді әрі сергек күйге бөлейді.

Никотин улы, оны қабылдау онкологиялық дерттерге шалдықтырып, ишемия, стенокардия секілді басқа да ауруларға жетелейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 50% шылым шегушілер, осы зиянды әдеттің кесірінен ажал құшатынын айтып отыр.

Барбитураттар

Барбитур қышқылынан әзірленген тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілер орталық жүйке жүйесіне өте ауыр әсер етеді. Қабылдаған дозаға байланысты ол адамды әлсіретіп, кейді тіпті комаға дейін жеткізіп жатады.

Барбитураттар тежегіш нейромедиаторды – гамма-аминмайлы қышқылды ынталандырады. Ол нәтижесінде орталық жүйке жүйесіне жететін импульсты баяулатып, бұлшық еттерді босаңсытып, тыныштандырып, үрейден арылтады. Бұл перпаратқа тәуелділіктің зардабы  жайында ғалымдар ұзақ уақыт бойы үнсіз келген, оның жағымсыз әрекеттері дәлелденген соң, бензодиазепиндерді қолдануға көшті.  Сол сияқты, барбитураттар кокаин мен героин секілді заңсыз емес, көпшілікке қолжетімді болып келген еді. Соның кесірінен көптеген адамдар өз денсаулықтарына аса зақым келтірген болар.

Алкоголь сергелдеңге салады

Акоголь көптеген мемлекеттерде заңдастырылғандығына қарамай, әлемдегі ең қауіпті есірткілердің бірі болып отыр. Спирттік сусын өзіне тез тәуілді ете алады. Жан-жануарларға жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, алкоголь домафин деңгейін 40–360%-ға бір-ақ жеткізеді екен.

Спирт гаммо-аминмайлы қышқылға (ГАМҚ) әсер етіп, оның эффектісін көтеретін болып шықты. Сол себепті оны қолданушының сөйлеу тілі  нашарлап, қимылы бәсеңдей түседі. Алкоголь гамма-аминомайлы қышқылдың мембаранасына түсіп, нейростероид гормондарының жұмысын имитициялайды. Бұдан білетеніміз, бір бокал шараптың өзі адамды босаңсытып, жұбандыруға қауқарлы. Гаммо-аминомайлы қышқыл (ГАМҚ) уақыт өте келе, өзгерістерге үйреніп,  сәйкес рецепторлардың белсенділігін төмендетіп, миды алкогольге байлап қояды.

Егер адам алкогольді пайдалануын доғарса, ГАМҚ-рецепторларының белсенділігі төмендеп, жүйке тежегіші функциясы әлсіреп, ми ерекше қозғыштық күйге түседі.

Жалпы этанол басқа нейромедиатор-глутаматтың NMDA-рецепторларға әсер ету қабілетін төмендетеді. Ұзақ уақыт спирттік сусынды пайдалану осы рецепторлардың артуына ықпал ететін болса керек. Алкоголь адамды абстинентті синдромдарға: бұлшық еттің құрысуына, мазасыздыққа шалдықтырады.

Тағы бір тәуелділіктің себебі ретінде миды азықтандыру үшін жылдам энергияның келуін айтса болатындай. Бұл үшін ацетат қажет етіледі де, ми қарапайым энергия көзіне үйреніп алады. Яғни, адам ағзасындағы энергияның қайнар бұлағы болып есептелетін глюкозаның орнын алкоголь алмастырады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жыл сайын 3,3 миллион адам спирттік сусындарды пайдаланғаннан қайтыс болатынын айтады. Бұл статистикаға ішкіліктен туындаған аурулар мен жарақаттарды да жатқызған. Ғалымдар, есірткінің заңдық статусы өзіне тәуелді ететіндігімен, зиян келтіруімен байланысты емес екенін айтады. Мәселен, заңды болып есептелетін табак пен алкоголь осындай рейтингтің жоғарғы сатысында тұр. Әрбір психоактивті заттың адам денсаулығына тигізер зияны орасан. Сол себепті, оның заңды не заңсыз еместігіне мән бермеген абзал.

Нашақорлық – ілгеріде айтып кеткеніміздей, адам баласының денсаулығына орасан зардабын тигізеді. Сол сияқты есірткі бизнесімен күрес қазір халықаралық сипатқа ие болып отыр. Ол әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігі алдында тұрған үлкен мәселе. Қазақстанда есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату әрекеттеріне заңды түрде тыйым салынған. Сол сияқты бүгінгі күнгі бас ауыртар жағдаяттардың бірі ретінде кәмелет жасқа толмаған балалардың еліктеп есірткі затына үйір болуын айтса болады. Жеткіншектердің нашақорлыққа салынуы соңғы жылдары күрт көбейіп, оған қатысты қылмыстардың саны да еселеніп өсуде.

Мәселен, жыл басынан бері елімізде 2 тонна 144 келі есірткі тәркіленіп, 900 қылмыс тіркелген. Сатушылар өз тауарларын интернет арқылы сатуға машықтанып алған екен. Мысалы, 2017 жылы сондай төрт жүздей сайт бұғатталса, өткен жылы олардың саны бес мыңға жетіп жығылған. Ал биыл жарты жылдың ішінде 3766 сайт табылып, заң қызметкерлері оларға дереу бұғат салды. Есірткі жарнамалаған мыңнан аса граффити стиліндегі суреттердің де көзі жойылды. Осындай қылмыстардың көбеюіне орай, алдағы уақытта есірткіге қатысты заң қатаңдатылмақ.

Осыған ұқсас қызықты материалдар:

Темекіні тастаудың 11 тәсілі

Алкоголь "тұзағынан" құтылу жолдары

Темекімен күрес қандай болуы керек?

Темекіден бас тартсаңыз...

(Сурет ашық ғаламтор көзінен алынды)

#алкоголь #есірткі #нашақорлық #нашақорлықпен күрес #темекі #героин

Ұқсас материалдар