Аса қажетті анализдер мен екпелер тізімі

Әрбір адам білуі тиіс медициналық мәлімет

Денсаулығымызда пайда болатын әр түрлі проблемалардың алдын алу үшін дер кезінде анализдер жасап, екпе еккен жөн. 

ҚР денсаулық сақтау бағдарламасында ел азаматтарының медициналық білімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігі айтылады. Осы орайда, профилактикадан өтіп тұру үшін қандай маңызды екпе алып, анализдер тапсыру қажет екенін түртіп алыңыз...

Жылына бір рет тұмауға қарсы екпе салдырыңыз

Бір қарағанда, тұмау сондай қауіпті дерт болып көрінбеуі мүмкін, алайда соның кесірінен жыл сайын әлемде 650 мың адам ажал құшады. Онымен қоса, миллиондаған науқас ауруларын асқындырып ауруханадан бір-ақ шығады. Мұндай қиындықтармен бепе-бет келгіңіз келмесе жылына бір рет тұмау екпесін салдырып алыңыз. Вирус та тыныш, сіз де тыныш!

Оны алты айдан асқан нәрестелерден бастап қабылдаған жөн. Тек вакцина аллергиясы барларға ғана кеңес берілмейді.

Жылына бір рет (немесе одан да көп) ЖЖЖИ-ға анализ тапсырыңыз

Жыныстық жолмен жұғатын инфекция жыл сайын миллион адамды торына түсіреді. Сонымен қатар, ең көп таралған аурулардың (хламидиоз, гонорея, сифилис, АИТВ) алғашқы стадиясында анықтау үшін нақты симптомдарын табу мүмкін емес. Бұл өте қауіпті. Себебі, тасымалдаушы өз «дерті» жайында білмей серіктесіне жұқтыруы әбден мүмкін. Емделмеген инфекция ішкі ағзалардың қабынуына әкеліп, тіпті ұрпақсыз қалдырады.  

Сондықтан, дер кезінде анализ тапсыру керек:

- жақын қарым-қатынаста жүрген барлық адам жылына бір рет кең таралған ЖЖЖИ-ге: сифилис, хламидиоз, гнорея мен АИТВ-ге;

- серіктес жиі ауыстыратын болса, әрбір 3-6 ай аралығында;

 - әйелдер жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде АИТВ, В гепатиті мен сифилиске анализ тапсырсын.

Жылына бір рет артериялық қысымға тексеріліңіз

Жоғары қысым (гипертония) ­– жүрек-қан тамыр ауруларын тудыратын берден бір фактор. Инфаркт пен инсульттің алдын орайтын бір ғана зиянды әрекет бар, ол ­­- темекі тарту. Қысымды қадағалап отырудың ешқандай қиындығы жоқ. Қолыңызда тонометр болса, үйде отырып-ақ тексеріп тұруыңызға болады. Сол сияқты көптеген дәріханаларда қысымды өлшетуге мүмкіндік бар.

Жоғары қысымның табалдырығы деп 140/90-мен одан жоғары көрсеткіш саналған. Алайда 2018 жылы Америка кардиологиялық ассоциациясы оған өзгеріс енгізді. Енді бұл қысым ­­­­­­­­­­­­­– 130/80-нен басталады.

Егер сіздің денсаулығыңыз мықты болса, қысымды жылына бір рет тексерсеңіз жарайды. Ал егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз, жиі тономтерге жүгініңіз. Гипертонияның басты факторларына  темекі тарту, алкоголь пайдалану, аз қимылға негізделген өмір салты, артық салмақ және тұқым қуалаушылық жатады.

Қысымыңыз көтерілгенін байқаған сәтте маманға жүгініңіз. Алғашқы кезеңдерінде проблеманы шешуге мүмкіндік бар, дұрыс тамақтанып, күнделікті өмір салтына өзгертулер енгізсе жеткілікті. Ал кейінгі кезеңдерінде сізге  дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінуге тура келеді.

Үш жылда бір рет қант диабетіне анализ тапсырыңыз

Қандағы қанттың созылмалы өсу деңгейі диабетті білдіреді. Оның зияны шаш етектен: инсульт, инфаркт, көздің көрмей қалуы, сүйектердің ампутациясы, шеткі артериялардың ауруы.

Диабет дамуының негізгі себептерінің біріне жас мөлшері жатады. Сол себепті, 45 жастан асқан соң, әрбір үш жыл сайын қанды қантқа тексеріп тұрған дұрыс. Анализ тапсыру үшін сегіз сағаттай тамақ қабылдамау керек. Ал егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз, жасыңыз 45-ке жетпесе де, әр жыл сайын медицина маманының қабылдауында болыңыз.

Қауіп-қатердің негізгі белгілері мыналар:

 - Тұқым қуалаушылық;
 - Артық салмақ пен физикалық белсенділіктің аз болуы;
 - Гипертония;
 - Холестерин деңгейінің жоғары болуы;
 - Гестациялық диабет (жүктілік кезінде);
 - Аналық жыныс безінің поликистоз синдромы.

Бес жылда бір рет холестеринді тексеріңіз

Холестерин деңгейінің көтерілуін жүрек-қан тамыр ауруларымен байланыстырады, сол үшін оны бақылауда ұстаудың маңызы көп. Америка кордиологиялық ассоциациясы жасыңыз 20-ға толғаннан кейін 4-6 жыл сайын анализ тапсыруға кеңес береді. Онымен қоса, липопротеиндердің төменгі және жоғары жиілігін, холестериннің жалпы көрсеткішін және үшглицеридті  назарда ұстау керек.

Кім де кім жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп-қатер тобында тұрса, әр 1-2 жыл сайын тексерілгені абзал. Мына факторлар анализдегі төмен көрсеткіштерге түрткі болады:

- Шылым шегу;
- Диабет;
- Артық салмақ;
- Физикалық белсенділіктің аздығы;
- Жас мөлшері: ерлер үшін 45 жастан жоғары, әйелдер үшін 55 жастан жоғары;
- Ген арқылы берілетін жүрек аурулары.

Он жылда бір рет сіреспе дертіне ревакцинация жасатыңыз

Бұл кең таралмаған ауру. Қоздырғыш бактериялар біздің ағзамызға алған әр түрлі жарақаттардан түсуі мүмкін. Олар ағза ішінде дамып, бұлшықеттердің құрысуына алып келетін токсиндерді өндіреді. Егер олар дем алу жолдары мен жүрек-қан тамырлар жүйесіне жетсе, өлімге әкеп соғуы ықтимал.

Ересектерге әрбір он жылда ревакцианциядан өткен дұрыс. Ал бір кездері бойынан Гийен-Барре синдромы табылғандар немесе вакциналарға аллергиясы бар жандар екпе алмай-ақ қойсын.

20 жастан кейін

Адамдағы папиллом вирусына қарсы вакцинациядан өту (бұған дейін өтпеген болсаңыз)

Адамдағы папиллом вирусы ­ - мойын жатырының рагына алып келетін негізгі себепкер. АПВ жыныстық жолмен беріледі және денеге жасалған жақын қарым-қатынастың да әсері болып жатады. Оның кең таралғаны соншалық ерлер мен әйелдердің көбі бір уақыттары бәрібір жұқтырып алуы мүмкін. Жалпы алғанда иммунды жүйе ол вируспен өздігінен күресе алады, алайда кей штаммдары ағзада қалып, уақыт өте сыртқы жыныс ағазаларының түйіршіктеріне ұласып, ракқа (ауызқуыс рагы, жұтқыншақ рагы, қынап рагы) әкеледі. АПВ-16 мен АПВ-18 штаммдары мойын жатырының рагын тудырады. Екпені дер кезінде қабылдау осындай қатерлі аурудың алдын алады.

Негізі бұл вакцинаны 12-13 жаста-ақ қабылдаған дұрыс. Оның әйелдер үшін маңызы өте жоғары. Ер адамдарға да кейбір рак түрінен сақтануға көмегін тигізеді.

Әйелдерге әр үш жыл сайын онкоцитологияға мазок өткізу қажет

Бұл қынап пен жатыр мойының өзгерістерін заманауи тұрғыда анықтау үшін керек. Бұл әдіске барудың жиілігі жасқа байланысты.

21-29 жас аралығындағы әйелдер цитологиялық зерттеуден үш жылда бір өткені дұрыс. 21 жасқа дейін оның қажеті жоқ. Ал 30-65 жас аралығында бес жылда бір рет АПВ-ға анализ тапсырып, мазок өткізуі керек. Егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз (отбасыда жатырдың мойын рагына ұшырағандар болса) мазок тапсыру қажет. 

40 жастан кейін

Ішектерге скрининг жасап бастаңыз

45 жастан бастап, 75-ке дейін қажетті тексерістердің тізімін ұсынамыз. Алдымен, инвазиялық емес әдістерден бастағаныңыз дұрыс:

- Иммунохимиялық нәжіс зерттеуі ­ жыл сайын;
- Жасырын қанға нәжіс анализі ­ жыл сайын;
- Нәжістегі ДНҚ анализі ­– үш жылда бір рет.
- 50 жастан асқан соң, маңызды анализдерден өтіңіз:
- Колоноскопия — 10 жылда бір рет;
- Виртуалды колоноскопия — 5 жылда бір рет;
- Иілгіш  ректороманоскопия — 5 жылда бір рет.

Егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз, тексерісті 45 жасқа жетпей-ақ бастай берсеңіз болады. Қауіптің басты факторлары:

- Отбасыда бір жанның ішек рагына ұшырауы, тұқым қуалаушылық ішек рагы синдромы;
- Шел ауруы;
- Ішектің қабынғаан аурулары;
- Жыныс ағзаларының сәуле терапиясын алған тәжірибесінің болуы.

50 жастан кейін

Теміреткіге екпе жасатыңыз

Бұл мазаны алатын бөртпелер желшешекпен (ветрянка) ауырып жазылған адамның жасына қарамай пайда бола береді. Айыққан соң, вирус жылдар бойы белсенді болмай жатып, иммун жүйесі әлсіреген тұста қайта оянып кетеді. Сол себепті, жасыңыз ұлғайған сайын оның қаупі де жоғарылай бермек. Теміреткі ыңғайсыздық тудырып қана қоймай, созылмалы ауруға жеткізіп, көз жанарын сөндіріп, невралгия, бет жүйкесін жансыздандырып, есту мүшесін істен шығарады.

Ол дерттен екпе арқылы сақтануға болады. Қазір олардың екі түрі бар:  үш жылдай әсер ететін «Зоставакс» (Zostavax) және тиімділігі жоғары  «Шингрикс» (Shingrix). Вакцинация иммун жүйесі әлсірегендерден басқа 50 жастан асқандардың барлығына ұсынылады.

Әйел адамдар аналық сүт безін жиі тексерістен өткізіп тұрғандары жөн

Көкірек рагы ­әйелдер арасында өте кең таралған аурулардың бірі. Қазірде маммографияны 50 мен 75 жас аралығындағы әйелдерге екі жылда бір рет тексерілуге кеңес беріледі.

Кім қауіп-қатер тобында тұрса, 50 жасқа дейін тексеріле берсін. Ол топқа  кіретіндер:

- Жақын туыстарында 50 жасқа дейін көкірек рагы кездессе;

- Омыраудың қатерлі ісігіне жол ашатын генетикалық мутацияның болуы (BRCA1 және BRCA2 гендері).

Ер адамдар қуықалды безіне скрининг жасатуды ойлағаны дұрыс

Скрининг барысында қандағы простатикалық спецификалық антиген (ПСА) маркерін тексереді. Рак кезінде қуықалды безі оны көп өндіре бастайды. Алайда, ПСА деңгейінің өсуі онкологияға қатысы жоқ басқа себептен болуы да мүмкін. Жалған көрсеткіш адамдарды жөнсіз емделу шараларына итермелеп жатады.

Сол себепті, 55-пен 69 жас аралығындағы ер адамдар скрининг жайлы өз дәрігерлермен кеңескені дұрыс. Егер сіз қауіп-қатер тобында болсаңыз, міндетті түрде бұл тексерістен өтуіңіз керек. Ал 70 жастан асқан ерлер үшін скринингтен өтудің қажеті жоқ.

60 жастан кейін

Сүйек беріктігін тексеріп тұрыңыз

Остеопороз ­– 65 жастан асқан адамдардың денсаулығына төнетін басты қауіп. Бұл сүйек тығыздығының кеміп, салдарынан сыну қаупі жиілей түсуі. Қарт адамдарға ең ауыр түсетін сынық ­-  жамбастың жарақаты. Оның зақымдануы адамды төсекке таңып, өмір сүру сапасын төмендетіп, тіпті өлімге де әкеп соқтырады.

Сүйек әйелдерде аз әрі жіңішке болғандықтан, оларға келетін дабыл да көп. Оның үстіне етеккір үзілісінен кейін әйелдердің ағзасында эстрогендердің түзілуі кеми түседі. Мұның салдарынан сүйек тығыздығының жоғалуы жылдам жүрмек.

Сол себепті 65 жастан асқан барлық әйелдерге рентген денситометрдің көмегімен сүйек тінінің жиілігін тексерту керек. Бұл еш ауыртпайтын процедура. Ал 65 жасқа жетпей, етеккірі тоқтағандар болса, қазір-ақ зерттеу жайында ойланғандары жақсы. Сүйектің тығыздығын кемітетін негізгі факторлар:

 - Шылым шегу мен алкоголь пайдалану;
 - Дене салмағының тым төмен болуы;
 - Ата-анасында остеопороз кездесуі.

Ерлер тарапынан да мұндай дертке шалдығатындар бар. Олардың сүйек тығыздығының төмендеуі кеш жүретіндіктен, 70 жастан асқан соң ғана зерттеуге жүгінсе болады.

Пневмонияға қарсы екпе жасатыңыз

Қартайған шақта иммун жүйесі әлсірейді, соның кесірінен ағзаның ауруға шалдықтыратын микроағзалармен күресуі қиындай бастайды. Сол себепті, егде кісілер әртүрлі инфекцияларды тез жұқтыруға құмар. Пневмония (пневмококктік инфекция) ­– солардың ішіндегі ең қауіпті түрі. Одан тек вакцинация арқылы сақтануға болады. 65 жастан асқан барлық жандарға бұл екпені салдыруға кеңес береміз.

Кез келген екпе уақытша келеңсіздіктер тудыратынын ұмытпаңыз. Аурысыну, сол ине кірген жердегі ісік сияқты жайсыздықтардан қорықпаған дұрыс. Егер пневманияға қарсы қабылдаған вакцинаңыз негативті реакция тудырса, жаңа иммунизация бойынша дәрігермен кеңесіңіз.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

#анализдер #екпелер

Ұқсас материалдар

Әріптестер