Шырайлы Шымкент

Шымкент - Қазақстанда инфрақұрылымы жақсы дамыған жетекші қалаларының бірі. Елдің оңтүстігінде орналасқандықтан ауа-райы аса қолайлы. Халқының тығыздығы жағынан Республика бойынша үшінші орында тұр. Қала негізінен үш ауданға бөлінген

Шымкент - Қазақстанда инфрақұрылымы жақсы дамыған жетекші қалаларының бірі. Елдің оңтүстігінде орналасқандықтан ауа-райы аса қолайлы. Халқының тығыздығы жағынан Республика бойынша үшінші орында тұр. Қала негізінен үш ауданға бөлінген.

ТАРИХЫ

Шымкент Қазақстанның көне қаласы. Кейбір ғалымдар қаланың негізі   б.з.д. II ғасырда салынған деген тұжырым жасап жүр.

Ғалымдардың енді бір тобының пайымдауынша қала б.з.д V-VI ғасырларда пайда болған. Не дегенмен қала аса көне шаһарлар қатарына жатқызылады. Бұған қала маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары дәлел бола алады.  Жақында қала маңындағы көне қамалдардың біріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ер адам мен әйел адамның мүрдесі табылды. Жерлеу рәсімінің ерекшелігіне қарап тарихшылар мүрделердің зороастрлық салтпен жерленгендігін анықталып отыр. Демек аталмыш қабірдің өзіне 1500 жыл болған.    

Бізге белгілі болып отырған келесі деректерде Шымкент алғаш рет  парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің естеліктерінде айтылады. Бұл 1425 жылдар шамасы болатын. Мұнда 1365-1366 жылдары Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы сан алуан деректер жазылған. Бұл дерек  "Зафар Наме"- ("Жеңіс кітабы") атты кітабында кездеседі.

Қалай болғанда да, қала ескі замандардан бері адамдардың өмір сүруіне аса қолайлы мекен болған. Әмір Темір ханның қол астынан шыққаннан кейін қала XV ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың жартысына дейін қала  түгелдей  Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Жоңғарлардың құрығынан құтылған қала  XVII ғасырдың 1810-1864 жылдарында  Қоқан және Бұхара хандықтарымен күрес алаңына айналады. Тіпті Қоқан хандығының ордасы да болады. 1864 жылы қалаға орыс әскері басып кіреді. 1867 жылдары қала Қоқандықтардан түгел дей азат етіліп Сырдария  облысының уездік қаласы болады. Дәл осы түста Шымкент қаласы Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды.

Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, бұл аймақта жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнер аса дамыған қала болып қала берді.  1914 жылы Қазақстанның Рессейге қосылуының 50 жылдығына орай қаланың атауы орыстың генералы Черняев есімімен алмастырылады. Бірақ 1921жылы қаланы байырғы атауымен атау туралы шешім шығарылып қала Шымкент қаласы деп аталады. Содан бері қаланың гүлдену дәуірі басталды. Халық саны өсіп, ерекше әрлене бастады.


Қаланың атауы

Қаланың Шымкент - атауының шығу тарихы бірнеше тұжырымдарға сәйкес келеді.  Нақты дерек жоқ. Соған байланысты зерттеуші-ғалымдар «қала-бақ», «жасыл қала» десе, енді біреулері «жердің бет қабатымен қапталған қала» яғыни, шымнан тұрғызылған дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, ал «кент» қала, шаһар дегенсөз. Екеуі бірігіп шымнан салынған қала мағнасын береді. Келесі бір зерттеушілер «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді деп тұжырымдап отыр.

ТЕРИТОРИЯСЫ

Шымкент қаласы Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы.  Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша  қаланың жер аумағы 76 га.  Оның 55 мың га – Сайрам ауданына тиесілі болса, 12 мың га – Төлеби ауданына, ал 7 мың  га Ордабасы ауданына қарасты. Жалпы облыс Қазақстанның Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарымен шектеседі. Ал еліміздің оңтүстігіндегі көршілес елдер Қырғызыстан және Өзбекстан елдерімен шекараласады.

ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ

Қала халқы жыл сайын өсу үстінде. Соңғы 2016 жылғы  мәлмет бойынша Шымкент қаласының өзінде   885 799 адам ресми тіркелген.  Оның ішінде Қазақтар 66,52 пайыз, Орыстар 13,24 пайыз, Өзбектер 12,70 пайыз, Татарлар 1,54 пайыз болса өзге де ұлттар 5 пайызды құрайды.  

ҚАЛА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Б.з.д V-VI ғасырлардан бері өмір сүруге қолайлы қала. Өмір бойына адамдардың көп шоғырланған мекені. 1930-шы жылы қалда теңдесі жоқ  қорғасын зауыты салынды. Бұл алып өндіріс орны КСРО-да өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Осы кезеңдерде қалада май қорту комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. Сонымен бірге Химия өнеркәсібі мен Қазақстандағы алғашқы формоцептикалық зауыт Шымкентте ашылған.  Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өткізілді. Сонымен бірге қалада Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром алаңдары жұмыс істеп тұр. Шымкент зообағы 1980 жылы қалыптастырылды. Зообақта 1000-нан астам жануарға күтім жасалады. Олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы салынып қала өзге қалалардан ерекшелене бастады. Бұл Шымкент қаласының әуежайының алғашқы түп қазығы еді.  

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күллі Советтер одағының түкпір-түкпірінен 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Сол соғыста жеті Шымкенттік Кеңес Одағының батыры атанады.

Сондай ақ қалада  Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Шәмші аллеясы, Кен баба этносаябағы, Абай саябағы, «Қиял әлемі» техносаябағы және Жеңіс саябақтарының халық игілігін көруде.

 1883 жылы ашылған ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі "Химфарм" АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты осы күнге дейін  маңызды рөл атқарып келеді. Оның өнімдері бүгінде  экспортқа шығарылуда. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне аса қолайлы болғандықтан аталмыш өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген. Шымкент қаласында 2014 жылдың алғашқы алты айында 375 егіз, 6 үшем мен 1 төртем өмір есігін ашты.

Бауырлас қалалар: Измир-Туркия, Гроссето – Италия, Мгилев – Белоруссия, Паттайя – Таиланд, Ходжент – Тәжікстан, Стивенедж – Англия, Байинь – Қытай.

Ұқсас материалдар