Спортпен айналысуға 50 себеп

Өмір және спорт

Спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы. Осы сөз тіркесі сіз үшін аксиома болып кеткен жоқ па? Ендеше, спорт сіздің өміріңізге оң әсер етуінің 50 себебін ұсынамыз. Бұл жерде сіз аса мән бере бермейтін пайдалы тұстары да бар.

1. Ұдайы спортпен шұғылданатындардың көңіл-күйі отырып жұмыс жасайтындардан көтеріңкі болады. Байқамадыңыз ба?

2. Адамның танымдық қабілеті мен физикалық белсенділігі арасында байланыс бар: оқып-үйрену салауатты өмір салтын сақтайтындарда жақсы дамыған.

3. Спорттың ағзаға оң әсерінің арқасында адамның ментальды денсаулығында да алға ілгерілеу болады. Спорттың санаға сілкініс тудыратынына күмән келтірмеу керек.

4. Жоғары спорттық көрсеткіштер өзін-өзі бағалауды сөзсіз жақсартпақ.

5. Спортпен шұғылдану мидағы алмасу процесіне оң ықпал етеді, соның арқасында мидың жұмыс істеуі ілгерілейді.

6. Спорттық жүктеменің әсері бұлшықеттегі қан алмасу мен жүйке жүйесіндегі реттеу қызметін жақсартады. Бұлар өз кезегінде бұлшықеттің салмағын арттырады.

7. Спортпен үнемі айналысу проблемалардан алшақтатып, күйзелістен құтқарады.

8. Спортпен дұрыс шұғылдану адамның иммуниттетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға көмегін тигізеді.

9. Физикалық жүктемеден соң организмде бақыт гормоны – эндорфиндер бөлінеді. Сол себепті, жаттығудан соң, өзіңізді керемет сезінесіз.

10. Тек спортпен айналысып қана өзіңіздің сыртқы келбетіңізге көңіліңіз толатын болады. Және сымбатты мүсін сізге ұзақ жылдар бойы қызмет етпек.

11. Жаттығулар бұлышқет жүйесін физикалық, сонымен қоса ой-саналық жүктемелерге шыдамдылығын арттыра түседі.

12. Салауатты өмір салтына байланысты сіздің зат алмасуыңыздың жылдамдығы ағзада ұзақ уақытқа сақталатын болады. Ол қартаюды тоқтата тұруға ықпал етеді.

13. Жаттығулар организмнен токсиндерді шығаруға жәрдемдеседі. Соның арқасында тері шымыр, әрі әдемілігін сақтайды.

14. Физикалық белсенділік күнделікті бірқалыпты өмірге өзгерістер енгізеді.

15. Ұдайы спортпен айналысу ұйықтай алмау қиындығынан құтқарып, тыныш ұйқымен қамтамасыз етеді.

16. Физикалық жаттығулар жүрек-қантамыр жүйесін жақсартып, зерттемелер дәлелдегендей инсультке шалдығуға жол бермейді.

17. Дұрыс жасалған спорттық жүктемелер буындардың қоректенуіне оң ықпал етіп, ұзақ уақыт сау болуына кепілдік береді.

18. Белсенді өмір салтын ұстанушылар дансаулығыңыздың тосыннан әкелетін «сыйларынан» сақтайды (бұл жерде спорттан келетін жарақаттар айтылмаған).

19. Үнемі жасалатын спорттық жаттығулардың пайдасы: қан құрамы жақсарып, эритроциттердің саны артып, гемоглобиннің деңгейі өседі.

20. Физикалық жүктеме буындарды мықты етіп, олардың иілгіштігін қамтамасыз етеді. Артериалдық қысымды қалыпты ұстауға септігі тиеді.

21. Спорт есте сақтау қабілетін жақсартып, шығармашылық қырыңызды дамытады.

22. Бір затқа тәуелділіктен (темекі, алкоголь) арыла алмай жүрген жандарға спорттың тигізер көмегі зор болмақ.

23. Спортпен үнемі айналысатын адам, қимыл-қозғалысты аз жасайтындарға қарағанда екі есе жұмыс атқаруға қауқарлы болады.

24. Спорт – артық салмақпен күресудің ең дұрыс жолы.

25. Сұлу, мінсіз мүсін қаласаңыз, ешқандай диета көмекке келмейді, оған жеткізер бір жол – спорт қана... Әрине, дұрыс жаттығуларды таңдауда қателеспеу керек.

26. Жалқаулықпен күресіп, үнемі спортпен айналысып келе жатқан адамда жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы дамиды.

27. Спорттық жүктемелер қимыл-қозғалыстың координациясына дұрыс әсерін тигізеді.

28. Қимыл-қозғалысқа толы өмір тамақтану жүйесін қалыпқа келтіріп, пайдалы астарға итермелейді.

29. Спорттың ағзаға оң әсерінің арқасында адамның өмір жасы ұзара түседі.

30. Физикалық белсенділік сүйектердің мықты болуын қамтамасыз етеді.

31. Жаттығулардың нәтижесінде жүрек бұлшықеті қалыңдап, жүректің көлемі артады. Ол - ағзаның жұмысын жақсартып, жұмыс істеу қабілетіне пайдасын тигізеді.

32. Мықты бұлшықеттер әжімнің түсуіне кедергі келтіреді.

33. Спортпен шұғылданатындар салқын тиіп аурудан алшақ болады.

34. Күнделікті жасалған жаттығулар қандағы холестериннің деңгейін төмендетуге көмегін тигізеді.

35. Көптеген зерттеулер дәлелдегендей спорт диабеттің дамуын тежейді.

36. Жүйелі жаттығулардың арқасында жүректің соғу қуаты артып, соның нәтижесінде тыныш күйдегі лүпіл мөлшері азаяды.

37. Өмір бойы салауатты өмір салтын сақтағандар қартайғанда ақыл-естің бұзылуынан сақ болады. Спорт сананы да берік ұстауға ықпал етпек.

38. Дұрыс таңдалған жаттығулар арқа ауруынан оңай айықтырып, жаңа сырқаттардың алдын алады.

39. Күнделікті жасалатын жаттығулар тағы бір кесапаты көп дерт – остеопороздан сақтайды.

40. Спорт организмнің оттегі жетіспеуіне бейімділікке шақырады. Соның арқасында физикалық ауыр жұмыстарға икемделе түсесіз.

41. Спорттық жүктемелер ауруға төзімді болуға шақырады.

42. Спортпен айналысудың арқасында тепе-теңдікті сақтауға үйренесіз, ол көптеген жарақаттардың алдын алуға жәрдемдеседі.

43. Физикалық жүктемелер қандағы оттек сыйымдылығын арттырады, яғни барлық ағзамыз оттегімен жақсы қоректенеді деген сөз.

44. Спорт – мақсатқа жеткізуші.

45. Спорт өз-өзіңді бақылауда ұстаудың ең дұрыс жолы.

46. Спорттық жаттығулардың әртүрлілігі энергияны ұтымды жұмсауға ықпал етеді. Бұл сіздің шаршауыңызды басады (Спортпен айналысқаннан кейінгі қалжырау бұл шаршауға кірмейді).

47. Бұл бөлімге ерекше назар аударыңыз, себебі дені сау адамның өмірі қызықты оқиғаға толы болады. Келісесіз бе?

48. Жыныстық қарым-қатынасқа да спорттың тигізер пайдасы көп.

49. Әрине, спортпен айналысу жаңа достар табудың тағы бір жолы.

50. Спортпен шұғылданатындардың өмір сүру деңгейі басқалардан жоғары.

Ал сіз тағы не қосар едіңіз???

(Сурет ашық ғаламтор көзінен алынды)

Ұқсас материалдар

Әріптестер