Психологиялық тест. Сіз үшін не маңызды?
Өзгені емес, өзіңізді жақсы білесіз бе?
Бұл тестіден өту үшін логиканы уақытша ұмытыңыз. Берілген сұрақтарға еш ойланбастан, ойыңызға бірінші келген жауаптарды жазып отырсаңыз жеткілікті. Сонымен, бастайық.
1. Елестетіңіз, сіз біреумен орманда келе жатырсыз? Ол кім болуы мүмкін?
2. Сіз орманда келе жатырсыз, жақын тұстан аң көрдіңіз. Ол қандай аң болуы мүмкін?
3. Ол аңмен бетпе-бет жолыққанда, сіздің әрекетіңіз қандай болды?
4. Орманмен жүріп келе жатып, ашық алаңқайға қарай шықтыңыз, ал ол жерде сіздің арманыңыздағы үй тұр. Оның көлемін қалай сипаттар едіңіз?
5. Сіздің арманыңыздағы үй қоршалған ба?
6. Үйдің ішіне, одан ары ас бөлмеге кіресіз. Тамақ ішетін үстелдің үстіне назар аударыңыз. Оның үстінен және айналасынан не көріп тұрсыз?
7. Сіз үйдің артқы есігі арқылы сыртқа шықтыңыз, дәл алдыңызда шөптің үстінде тостаған жатыр. Оның материалы қандай?
8. Сіз ол затты көрген кезде не істедіңіз?
9. Үй ауласының сыртына шықсаңыз, алдыңызда су ағып жатыр. Ол қандай су болды екен?
10. Сіз ол судың арғы бетіне қалай өтер едіңіз?
Ойыңызға бірінші келген жауаптарды түртіп алды деп ойлаймыз. Ендеше, сол сұрақтардың астарында нендей ой жатыр екен, соған көшелік:
1. Сіздің қасыңызда келе жатқан адам – өміріңіздегі ең маңызды адам.
2. Ал көрген аңның үлкен-кішілігі сіздің ішіңіздегі, санаңыздағы проблемалардың көлемімен сәйкес келеді. Аңның көлемі үлкен болған сайын, сізге өмір сүру ауыр деген сөз.
3. Ал онымен жолыққандағы іс-қимылыңыз проблемалаңыздың шешу жолыңызды көрсетеді (агрессивті, пассивті немесе қашып кету).
4. Үйдің көлемі – амбицияңыздың көлемі. Егер ол тым үлкен болса, өмірден өте көп нәрсе күтесіз.
5. Егер арманыңыздағы үй қоршаусыз болса, сіз ашық, еркін адамсыз. Қоршалған үй ішкі әлеміңізді құпия сақтайтыңызды, басқалардың да өміріне рұқсатсыз кірігіп кетпейтіңізді білдіреді.
6. Егер ас бөлмеде адамдарды, тамақты елестетпесеңіз, үстелде ештеңе болмаса – сіз іштей бақытсыз жансыз.
7. Материалдың сапасы сіздің отбасыңызға деген қарым-қатынасыңызды білдіреді. Шыны? Қағаз стақан? Онда, отбасыңыз үшін алаңдауға негіз бар. Ал тостаған темір не фарфор болса, сізге уайымдайтын ештеңе жоқ.
8. Сіздің іс-қимылыңыз, 1 сұрақтағы адаммен тікелей байланысты.
9. Судың көлемі сіздің сексуалды тәбетіңізге байланысты.
10. Арғы жағаға қаншалықты «су» болып өтсеңіз, сіздің өміріңізде жақын қарым-қатынастың соншалықты маңызы бар деген сөз.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
-
Мәдениет
«Астана» арнасы жаңа форматта хабар таратады
11.11.2019 1182 -
Адамдар
Ампутациядан кейінгі өмір
12.11.2019 1359 -
Мәдениет
Қазақ тазысы әлемдік брендке қашан айналады?
15.11.2019 1606 -
Бизнес
Бала-бақша бизнесін ашқыңыз келсе...
22.11.2019 1163 -
Білім
Елбасы қабылдаған маңызды шешімдер
29.11.2019 741
Ұқсас материалдар
-
Денсаулық
Ерекше балаларды оңалтатын ерекше орталық
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Салтанат Есмағамбетова аутизммен ауыратын қызын сауықтыру үшін небір қиындықтарды бастан кешірген. Науқас сәбиі үшін шетел асып, жолдасының тапқан-таянғанын қызының еміне…
09.12.2019 65 -
Денсаулық
Бүйректе тас түзетін 7 фактор
Тас деп отырғанымыз, бүйректің ішіне жиналған қатты тұздың шөгіндісі. Ол түзілістер ағзадан кіші дәретпен шығып кетуі керек, егер ондай бола қоймаса, келер қауіп біршама деп біліңіз. Ірі тастар несеп…
04.12.2019 535