Тәрбие оның мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың  өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен тиісті орын алып отырған.

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың  өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен тиісті орын алып отырған.

«Адам арын ойлайды , надан дүниеге тоймайды    »,«Ақыл қайрат білімді тең ұстаған – зор болар», «Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар», «Ақылды ұл-білім іздер, ақылсыз ұл-шылым іздер». Осындай адамгершілікке, имандылыққа баулитын нақыл сөздер халқымызда өте көп. «Ақыл тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен». «Бос өткізу өмірді-ақымаққа көңілді», «Ойға-терең бол, өсекке-керең бол».

Халық даналығы осылый тізбектеліп кете береді. Бабалар сөздеріне жөрегінің төрінен орын беріп, халқын, ұлтын сүйген, ана сүтінің құдіретене бас иген, әрбір жан өз тілін, тінін, дінін, ділін қадірлеп қастерлеумен қатар, мейірбан жүректі, жайдары жанды, жібек мінезді, таза рухты, ақылды, парасатты, инабатты, иманды, білімді болса, оның нағыз ел азаматына айналғаны.

Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли өзінің хикметтерінде (маржан сөздерінде): «Даналықтан асқан байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген екен.

Қазіргі кездегі әке-шешесін, ата-әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші және арақ ішу, есірткі шегу, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарға ие жандар қоғамда бар екені рас.Әдептен алыс,жан баласына әрі жат, әрі жағымсыз қылықтарды бойына сіңірген адам адамгершілік қасиеттен де жұрдай. Оның қоғамға, өмір сүріп жатқан ортасына әкелер әлегі,қаупі де зор. «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- дейді дана халқымыз. Иманнан жұрдай кісінің қоғамға да пайдасы жоққа тән.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке  бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады.

1. Раба – ярбу: Көбейту, арттыру мағынасына келеді. Рум сүресінің 39-шы аятындағы Раба етістігі, осы мағынада.
2. Раба – ярби: (нәшә), болу пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба – яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай-ақ Құранның алғашқы түскен 5-аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады.

Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ бүткіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.

Сонымен тәрбие сөзі жайында мынадай нәтижеге тоқталсақ болады:

1. Тәрбие іс-тәжірибе білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
2. Ең ұлы тәрбиеші Аллаһ Тағала.
3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
4. Оның негізгі қайнар бұлағы Аллаһ Тағалаға тірелуі тиіс.

Тәрбиені, басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. «Алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі өкілдеріне ілім-білім мен пікірлерін үйретуі» деп айтқандар да бар.
Тәрбиенің Хз. Пайғамбар (с.а.у.) тұрғысынан қарастырар болсақ, тәблиғ және тұрғызу (аяқтандыру) деген мағыналарға келеді. Осылайша тәрбиенің оқу ісін де қамтитынын айтуға болады. Басқару, мұғалімдікке де келеді. Таблиғ, оқу мен тәрбиені қамтитын термин. Хз. Пайғамбар: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деп айтуына қарағанда көркем мінезге жетудің жолы десек болады.

Таблиғ жайында ғалымдар былай дейді:

Имам Ағзам (ө.150) Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді деген.

Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағын құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді».

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина Тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген.

Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.
 
Өмірде адам баласы тұтынатын, өзінің  өмір бойы азығы  болатын, асыл екі қазынасы бар. Оның біріншісі –материалдық байлық (тән азығы) болса, екіншісі – рухани  бай

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер