2013 жылы сұранысқа көп ие болған 10 актер!

Forbes 2013 жылдың ең өтімді, ең таңдаулы киноактерлерінің рейтингін түзген еді. Сұранысқа көп ие болған, пайданы молынан тапқан актерлердің тізімі төмендегідей.

Forbes 2013 жылдың ең өтімді, ең таңдаулы киноактерлерінің рейтингін түзген еді. Сұранысқа көп ие болған, пайданы молынан тапқан актерлердің тізімі төмендегідей.

1.Хью Джекман.


Жасы: 44

Кіріс: 55 млн. $

Хью Джекман Голливудтың ең әмбебап жұлдыздарының бірі. Жанр талғамайды. Ән де айтады, би де билейді. Сондықтан болар, режиссерлердің жиі назарына ілініп, кинодан түспей жүр. Виктор Гюгоның «Жапа шеккендер» романының желісімен түсірілген мюзиклдегі Жан Вальжанның рөлі оған үлкен табыс алып келді. Сол рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды. 

2. Кіші Роберт Дауни


Жасы: 45

Кіріс: 75 млн. $

Роберт Дауни түскен "Темір адам" фильмі 1,5 млрд.$ пайда әкелді (Бұл атақты режиссер Джеймс Кэмеронның "Титаник" және "Аватар" фильмдерінен кейінгі орында). "Темір адам-3" фильмі де аз пайда әкелген жоқ. Әзірге Роберт Дауни Тони Старкпен бірлесе жұмыс істеуді жөн деп санайды, өйткені дәл осы актердің көмегімен осыншама қаражат жинап отыр.

3. Леонардо Ди Каприо


Жасы: 38

Кіріс: 39 млн. $

Ди Каприоның фильмдері өте ауыр (бас қаһарманның өлімімен немесе ақылынан адасқан кейіпкер). Есесіне ол түскен фильмдер үлкен пайда әкеледі. "Ұлы Гэтсби" фильмі де көпшіліктің көңілінен шығып, кірісі көлемді болды. "Ұлы Гэтсби" фильмінен 300 млн.$ пайда түсіп, Баз Лурманның коммерциялық тұрғыдағы ең үлкен табысына айналды.

4. Ченинг Татум


Жасы: 33

Кіріс: 60 млн. $

Ченинг Татум талантынан гөрі сыртқы келбетімен, сымбатымен көпшіліктің жүрегін жаулап алады. Голливудтың кәсіпкерлері Ченингтің осы артықшылығын өз пайдаларына жаратуда. Стивен Содерберг пен Ченинг Татум бірлесіп "Супер Майк" атты фильм түсірді. Бұл фильмде Ченинг Татумның бұрынғы кәсібі (стрептиз) қатты көмектесті. Бар-жоғы 7 млн. $-ға түсірілген фильм 167 млн. $ кіріс алып келді.

5. Дуэйн Джонсон


Жасы: 41

Кіріс: 46 млн. $

Дуэйн Джонсон түскен фильмдер мол пайда әкеледі. «Форсаж-6» фильмі 650 млн. $ кіріс әкелсе, «G.I. Joe: Бросок кобры — 2» фильмі 370 млн. $ пайда алып келген. 

6. Том Круз


Жасы: 50

Кіріс: 35 млн. $


Сұранысқа көп ие әрі өзі түскен фильмдер көп кіріс алып келетін актердің бірі Том Круз. «Джек Ричер» фильмі 200 млн. $ пайда алып келген. 

7. Марк Уолберг


Жасы: 42

Кіріс: 52 млн. $

«Третий лишний» (Ted) фильмі көрермен үшін тосын сый. 50 млн. $ қаржыға түсірілген фильм 550 млн. $ пайда алып келген (11 есе). 

8. Уилл Смит


Жасы: 44

Кіріс: 23 млн. $

14 жастағы ұлымен түскен "После нашей эры" фильмі бар-жоғы 27 млн. $ пайда алып келді. Бірақ, бұл Голливудтың ең табысты актеріне кері әсерін тигізбеді. "Қара адамдар-3" фильмі зор табысқа кенелді. Қазір Уилл Смит "Энни" атты фильмге түсіп жатыр. Киносыншылардың айтуынша, өте керемет фильм көрерменге жол тартатын болады. 

9. Бен Аффлек


Жасы: 40

Кіріс: 25 млн. $

Бен Аффлек Forbes жасаған рейтингке бірінші рет ілініп отыр. Актерлік таланты үшін емес, режиссерлік жұмысы үшін. 2012 жылы түсірілген "Арго операциясы" фильмі үш рет "Оскар" алып, ең үздік фильм атанды. 44 млн. $ қаржыға түсірілген фильм 232 млн. $ кіріс әкелді.

10. Адам Сэндлер


Жасы: 46

Кіріс: 37 млн. $


Адам Сэндлер үшін қазіргі уақытта анимациялық фильмде жұмыс істеген үлкен олжа екен. Өйткені, «Папа-досвидос» және «Такие разные близнецы» атты фильмдері зор пайдаға кенелмек түгілі көрермен көңілінен де шыққан жоқ. Ал, Адамның қатысуымен түсірілген «Монстры на каникулах» мультфильмі 37 млн. $ пайда әкелген. Сондай-ақ, Адам Сэндлер бұл тізімге «Одноклассники 2» фильмі арқылы да еніп отыр. 

Ұқсас материалдар

Әріптестер