Жаңалықтар

КВИ жұқтырған науқастардың 95 пайызы ем қабылдап жатыр

МСАК деңгейінде 2387 мобильді бригада ұйымдастырылған
КВИ жұқтырған науқастардың 95 пайызы ем қабылдап жатыр
Фото: vlast.kz 12.08.2022 14:41 1546

Бүгін ОКҚ алаңында «Балалар мен ересектердегі COVID-19-дың қазіргі ағымының ерекшеліктері туралы» сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті, – деп хабарлайды El.kz

«Бүгінгі таңда СOVID-19 клиникалық ағымында пандемияның басындағымен салыстырғанда айырмашылық бар. Ең алдымен, «Омикрон». штамын жұқтырғанда, инкубациялық кезең  2-4 күнге дейін қысқарды. Бұл штамм қазір біздің елімізде басым болып тұр», – деп мәлімдеді Министрліктің бас штаттан тыс инфекционсті Бақыт Көшерова.

Сондай-ақ бұрын пневмония салдарынан тыныс алуда қиындық болса, қазіргі таңда интоксикация белгілері, қабынулар мен асқынулар, созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін екендігі айтылды. 

«Сондықтан аурудың ауырлық деңгейін тек дәрігер ғана анықтай алады»,  – деді Бақыт Көшерова.

Қазіргі таңда МСАК ұйымдарында коронавирус инфекциясын жұқтырған 95% аса науқас  ем алып жатыр. Емханалар фильтр кабинеттерін, санитарлық-дизинфекциялық және эпидемологиялық режимді қамтамасыз етіп,  қалыпты жұмыс істеуде.

КВИ бойынша стационарлық көмекті республика бойынша  жалпы қуаты 5361 төсек-орынға есептелген 200 инфекциялық аурухана көрсетуде.

КВИ жұқтырған пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету үшін  МСАК деңгейінде 2387 мобильді бригада ұйымдастырылған.  Олардың 1010-ы ауылда, резервте 1610 мобильді бригада бар. 2022 жылдың 7 айында мобильді бригадалар 899 669 шақыруға барды. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 1,7 есе аз.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға