Жаңалықтар

Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды бәсекелестік ортаға беру керек - министр

Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды бәсекелестік ортаға беру керек - министр
Фото: gov.kz 01.10.2023 07:29 714

Экономикалық зерттеулер институтында Дүниежүзілік банк Қазақстанның мемлекеттік қаржысына шолу бойынша есебін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бизнес қоғамдастық өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Есепте 7 бағыт бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілген:

  • бюджет-салық саясатының негіздері
  • квазифискалдық қызмет
  • салық саясатының тиімділігі
  • білім беру, әлеуметтік шығындар
  • бюджеттеу және жоспарлау
  • бюджетаралық қатынастар

ДБ ҚР-да жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің сарапшылары одан әрі пысықтауды қажет ететін олқылықтарды айтты. Атап айтқанда, бюджеттеуде гендерлік аспектілер мен климаттық өзгерістерді есепке алу, квазимемлекеттік секторды шоғырландыру, салық салудың ынталандырушы рөлін күшейту және бюджетаралық қатынастардың ашықтығы.

Жаңа Бюджет кодексін әзірлеу шеңберінде бұл мәселелер көрініс тапты. Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджетпен өзара қарым-қатынасы бөлігіндегі қызметін реттеу (КМСС-ке бюджет қаражаты берілген кезде), олардың міндеттемелерін шоғырландыру, бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстарын есепке алу.

Сондай-ақ, нысаналы трансферттерді қоса алғанда, бюджетаралық трансферттерді жоспарлау тәсілдері қайта қаралуда. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау тәртібі нақтыланады. Халықтың базалық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтер белгіленеді.

«Біздің міндетіміз - компаниялар дивидендтер төлеуі үшін квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру. Оларды мүмкіндігінше бәсекелестік ортаға беру керек. Екінші жағынан, ҚТЖ сияқты стратегиялық компаниялар бар. Оны бәсекелестік ортаға сатуға болмайды. Халықтық IPO арқылы ішінара беруге болады. Компанияның тиімділігі - бір мәселе. Барлық квазимемлекеттік сектордың шоғырландырылған бюджетін жаңа Бюджет кодексі шеңберінде қараудамыз. Биылдан бастап квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетті қорғайды және есеп береді. Жалпы, БЖЗҚ, МӘМС, Ұлттық қор және т.б. сияқты бюджеттен тыс қорлардың тиімділігі де қадағалауда болуы тиіс деп санаймын», - деді ҰЭМ басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға