©El.kz/Арман МУХАТОВ

Күзгі каникул: оқушылар неше күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыс мерзімін хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Министрлік мәліметінше, еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталып келеді.

Күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады, яғни жеті күнге созылады.

Балалардың демалысын пайдалы әрі қауіпсіз өткізу мақсатында «Адал азамат» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бағдарламада:

«Балалар кітапханасы» жобасы – «Кітап оқимыз» акциясы;

«Буллингтен қорған» атты қауіпсіздік сабағы;

мектеп театрларының қойылымдары қамтылған.

Министрлік оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Ата-аналармен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп ережелерін сақтау, өрт және киберқауіпсіздік шараларын күшейту маңызды, – делінген министрлік хабарламасында.

Барлық әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жолданған.