Күздің алғашқы күні ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстікке жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01 қыркүйекке облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстікке жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01 қыркүйекке облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01 қыркүйекте облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 01 қыркүйекте облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 01 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01 қыркүйекте облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.