©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Күзде адамдар неге шаршап жүреді? Маман себебін айтты

Диетолог-дәрігер, ішек саулығы жөніндегі маман Меган Росси күзде жиі байқалатын шаршаңқылықтың негізгі себебін түсіндірді. Бұл туралы ол HuffPost басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Россидың айтуынша, күзде күш-қуаттың азаюына басты фактор – күннің қысқаруы. Табиғи жарықтың азаюы серотонин мен мелатониннің бөлінуіне тікелей әсер етеді. Бұл өз кезегінде шаршаңқылықты күшейтеді. Бұған қоса, циркадтық ырғақтар ішектегі микробиом құрамына да ықпал етеді.

Соның салдарынан ағзадағы пайдалы, қабынуға қарсы әсері бар бактериялар азаяды, ас қорыту нашарлайды және энергия қоры сарқылады, – дейді маман.

Оның айтуынша, жағдайды күнделікті өмір салты мен әдеттер де ушықтырады. Ұйқының жетіспеуі, қозғалыстың аздығы және артық көмірсуларды тұтыну шаршауды күшейте түседі.

Меган Росси күзде бұл күйден арылу үшін күндіз жарықта көбірек серуендеуге, ас мәзіріне D дәрумені мен магнийге бай өнімдерді қосуды және ұйқы сапасын қадағалауды ұсынады.