Frontiers in Pharmacology ғылыми журналында жарияланған ауқымды жаңа зерттеу кейбір үйреншікті қоспалар мен шөптік препараттардың күйзеліс кезінде өте пайдалы болатынын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғалымдар 209 клиникалық зерттеудің деректерін талдап, күйзеліс симптомдарын жеңілдету үшін қолдануға болатын 64 рецептсіз өнімді анықтаған.
Ең көп зерттелген қоспалар қатарында омега-3 май қышқылдары, шайқурай (зверобой), шафран, пробиотиктер және D дәрумені бар - дәл осы заттардың тиімділігіне қатысты ең көп дәлел жиналған. Кейбір зерттеулерде бұл заттар антидепрессанттармен бірдей әсер көрсеткен немесе плацебоға қарағанда айтарлықтай жақсарту берген.
Сонымен қатар фолий қышқылы, лаванда, лимон бальзамы, мырыш, триптофан және родиола да осы тізімге кіреді. Бұлардың тиімділігіне қатысты зерттеулер әзірге аз, бірақ алғашқы нәтижелері жаман емес.
Зерттеу авторлары кез келген қоспаны қолданбас бұрын маманнан кеңес алу қажеттігін ескертеді, өйткені тіптіқарапайым қоспалар да басқа дәрі-дәрмектермен әрекеттесуі мүмкін.
Сонымен қатар ғалымдар таза ауада аптасына бірнеше сағат жүру мазасыздық пен күйзеліс деңгейін айтарлықтай төмендететінін анықтаған болатын. Табиғат аясындасеруендеу, бағбандылықпен айналысу, балық аулау немесеспортпен шұғылдану мазасыздықты 55 пайызға, ал депрессияны 51 пайызға төмендетеді екен.

