Жаңалықтар

Күйзеліспен күресетін 5 тағам

Күйзеліспен күресетін 5 тағам
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.02.2024 18:00 2874

Стресс жағдайында адам тәтті жеуге құмартып тұратыны рас. Алайда көп тәтті жеу адам денсаулығына зиян екенін ұмытпаған жөн. Оның үстіне ол беймаза күймен күресуге ешқандай көмегін тигізбейді. Ғалымдар кейбір азық-түліктің ми жұмысына оң ықпал етіп, көңіл күйді көтеруге септігін тигізетінін дәлелдеді.

1. Тұтас дәнді дақылдар

Олардың қатарына арпа, күріш, қара бидай, тары, сұлы жармасы, қарақұмық жармасы және т.б жатады. Тұтас дәнді дақылдарда амин қышқылы триптофан бар. Ол серотин мен мелатонин гормондарының бөлінуіне қатысады. Серотонин көңіл күйді көтеріп, босаңсытады, ал мелатонин ұйқы режимін қалыпқа келтіреді. Зерттеушілер тұтас дәндер, жемістер мен көкөністер көңіл күйді қалыпта ұстап, беймазалық күйден арылтып, депрессияны азайтуға септігін тигізетінін айтады. Сонымен қатар, тұтас дәндердің қан қысымын қалыпқа келтіріп, жүрек ауруларының алдын алып, қант диабетінің қаупін төмендететіні белгілі.

2. Жаңғақтар

Грек жаңғағы мен пекан күйзеліспен күресетін қабынуға қарсы майлы қышқылдарға бай. Оның ішінде дымқыл дақылдар бойындағы элементтерін сақтағандықтан пайдалырақ болады. Биохимик және диетолог Барри Сирс (Barry Sears) тыныштандыратын қасиетке ие бадам  (миндаль) мен грек жаңғағын жеуді ұсынады. Кешью жаңғағы темір, магний, В6 дәрумені, ақуыз, амин қышқылдары мен омега-3-ке бай. Сонымен қатар, оның құрамында триптофан бар. Оның беймаза күйді басатынын ілгеріде айтып кеткен едік.

3. Көкжидек

Күйзеліс, жайсыздықпен күресетін антиоксиданттары бар көкжидектің де пайдасы зор. Сонымен қатар, оның құрамында кортизолмен күресетін С дәрумені бар. Көкжидекті зерттеген ғалымдар оның депрессияның генетикалық және биохимиялық стимуляторларын төмендететінін, адамның суицидке бейімділігін азайтатынын дәлелдеп отыр. Одан бөлек, көкжидек кaльцийдiң aғзaғa жaқсы сiңyiне, сүйектеpдiң қaтaюынa көмектеседi. Құpaмындa A пpовитaминi, В1, В2, P және PP дәpyмендеpi және фосфоp мен кaльцийдiң минеpaлды тұздapы, тaбиғи лимон қышқылы, aлмa қышқылы және бензой қышқылы, aлты түpлi aминқышқылдapы кездеседi.

4. Сүт өнімдері

Мазасыздық қандағы қант деңгейінің төмен болуымен де байланысты. Бірақ, бұл тәтті жеу керексіз деген сөз емес. Дұрысы, тәттісі аз сүт өнімдерін таңдау. Мысалы, тәттілігі жоқ йогурт. Онда ақуыз бен көмірсу дұрыс байланысқандықтан, қант деңгейін қалыпқа келтіре алады.

Белгілі отбасы психотерапевті Фрэн Уолфиш (Fran Walfish) өз пациенттеріне күйзеліспен күресу үшін сүт ішіп, сыр, йогурт, балмұздақ жеуге кеңес береді.

5. Ащы шоколад

Ащы шоколад — нағыз табиғи антидепрессант болып табылады. Онда нейромедиатор дофамин өндіретін тирозин амин қышқылы бар. Ал дофамин эмоционалды күйімізбен тығыз байланысты. Шоколадтағы какао серотонинді өндіріп, көңіл күйімізді қалыпқа ұстауға көмектеседі.

Ащы шoкoладтың құpамындағы теoбpoмин – энеpгияны белсендi етедi және қан қысымын төмендетyге көмектеседi. Анандамид – құpылымы бoйынша oл тетpагидpoканнабинoл кенептегi қаpасанға ұқсас, бipақ жай әpекет етедi. Oл көңiл-күйдi жақсаpтады және басқа энеpгетикалық заттаpдан айыpмашылығы жүpек пен тамыpға зиян келтipмейдi. Фенилэтиламин – денеде oл сеpoтoнинге айналады, көңiл-күйдi pеттейтiн маңызды химиялық заттаpдың бipi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға