Күршім ауданында 2 тонна солярка тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Фото: Күршім ауданы әкімдігі
Фото: Күршім ауданы әкімдігі
21.07.2023 15:03
995
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқыс оқиға 20 шілде күні Бурабай ауылының маңында болған.
2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның толық мән-жайы содан кейін белгілі болады, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, 7 шілде күні Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып түскен болатын. Соның салдарынан жерге 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген еді.

Алдыңғы жаңалық
ПСЖ Мбаппеге құны 1 млрд еуро болатын келісімшарт ұсынды