Күрестен Ұлттық құрама Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын қайда өткізетіні белгілі болды
11.07.2024 20:35
Фото:
Ұлттық Олимпиадалық комитеті
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы балуандарының Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі болып табылады.
Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ.
Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.
Еске салсақ, Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі грек-рим күресінен бақ сынайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

