Жаңалықтар

Курьер суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін 12 метр биіктен секірді

Курьер суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін 12 метр биіктен секірді
Фото: Видеодан алынған кадр 21.06.2023 17:14 1092

Қытайда тамақ жеткізуші жігіт суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін көпірден секірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

South China Morning Post әйелді судан шығарған соң ол жұмысын қайта жалғастырған.

Ханчжоу қаласында курьер болып жұмыс істейтін 31 жастағы Пенг Кинглин аяқ астынан батыр болып шыға келді. Оның ерлігі жайлы әлеуметтік желі қолданушылары тамсана жазып жатыр.

13 маусым күні ол электровелосипедпен тапсырысқа бара жатқан. Жолда Цяньтанцзян өзенінде суға батып бара жатқан әйелді көріп қалып, оған қол ұшын созу үшін 12 метр биіктіктегі көпірден секірген.

Суға секіргенде бастапқыда өзі қиналғандай көрінгенімен, есін бірден жиып, әйелді де құтқарып қалды.

Биік еді, аяғым дірілдеп кетті. Егер секірмесем, ол өліп кетуі мүмкін еді. Адам өмірінен артық ештеңе жоқ. Сол жайт есіме түссе, өзім қорқып кетемін. Себебі сол сәтте не болып жатқанын түсінген жоқпын, - дейді ол.  

Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар мен полиция жетіп, екеуін де судан шығарып алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға