Жаңалықтар

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай Молдажановтың Нью-Йорктегі өмірі

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай Молдажановтың Нью-Йорктегі өмірі
Фото: Коллаж El.kz 09.11.2023 10:00 4220

АҚШ-қа 50 жасында қоныс аударған Алматы облысының тұрғыны Жұмабай Молдажанов небәрі екі ай ішінде шетелде жұмыс істеп, өзіне су жаңа көлік сатып алды. Оны келіні өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз келіні Гүлжанар Берікті сөзге тартып, Нью-Йоркте тұрып жатқан атасы жайында сұрап білдік. Оның айтуынша, қайын атасы бүгінде жасына қарамастан телефон арқылы ағылшын тілінде қажетті сөздерді үйреніп, жаңа жұмысқа бейімделіп алған.

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай Молдажановтың Нью-Йорктегі өмірі

Мен ол кісінің келінімін. Қайын атамның бес баласы бар. Сол бес баласының тұңғыш ұлының келіншегімін. Нью-Йоркке жолдасым және балам үшеуіміз 2019 жылы бір рет туристік визамен келіп кеткен едік. Одан кейін 2021 жылы пандемиядан кейін тағы ат басын бұрдық. Сол жылы біз туристік визаны жұмыс визасына ауыстырдық. Осылайша бұл қалада 2021 жылдан бері тұрып жатырмыз, – дейді келіні Гүлжанар.

Келіні Нью-Йорк қаласына келудегі басты мақсат осы жақтың мүмкіндіктерін пайдалану және жақсы жаққа ұмтылу екенін айтты. Қайын атасы мен енесі алып шаһардағы немересін сағынып, АҚШ-қа жол тартқан екен.

Ол кісілер немересін қатты сағынып біз тұрып жатқан қалаға келуді шешті. Жолдасым және балам үшеуіміз 2021 жылы келгенде, біз қайда бара жатқанымызды білдік. Апасы мен атасы қатты сағынатынын сездіғой деймін. Сол жылы «Грин картаға» тапсыруды ұйғардық. Енем мен атам «Грин карта» лотереясына алғаш рет өтінім берді. 2022 жылдың мамыр айында жауабы шықты. Сол кезде оны енем ұтты. Сол сәттен бастап құжаттарын жинап, әңгімелесуге келдік. Ата-анамыз және екі қайын сіңілім «грин карта» визасын алды. Сөйтіп 2023 жылдың маусым айында олар Американың топырағына аяқ басты, – дейді келіні.

Қайын атасының Америкада жұмыс істеп бастағанына екі айдан асқан екен. Басында жолдасының машинасымен ісін бастап, кейін жиған-тергенімен және жұмысының ақшасымен көлік сатып алыпты.

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай Молдажановтың Нью-Йорктегі өмірі

Қазір өзінің көлігі өзінде. Өзі айдап, осы жақта тамақты жеткізу бойынша Ubereats қызметінде жұмыс істейді. Табысы әр кезде әрқалай. Бірақ күніне 150-200 доллар (70-90 мың теңге) табады. Әсіресе, жаңбырлы күндер табыс көп болады. Сенбі және жексенбі демалыс немесе мерекелік күндерде тапсырыс көп түседі. Ата-енем ағылшын тілін білмейді. Тіл білмесе де, мына жақта өмір сүріп жатқандықтан біраз құлақтары үйреніп қалды. Атама басында екі қайын сіңілім және енем көмектесетін. Одан кейін арасында өзім қолұшын беріп жүрдім, – дейді келіні Бақытгүл.

Ал қазір 50 жастағы Жұмабай ата бір өзі бәрін үйреніп алған көрінеді. Клиенттер ағылшынша жазса, ол кісіге қосымшасында орыс тіліне аударылады. Ал орысша жазған хаты шетелдіктерге ағылшын тілінде шығады. Карта, қосымшаның бәрі осылайша ыңғайлы жасалыныпты. Белгіленген маршурт бойынша тамағын еш қиындықсыз жеткізіп отырады.

Енем қазір тіл курсына барып жүр. Қазақстанда оқып келгені тағы бар. Қазір тіл көзім тасқа біраз үйреніп алыпты. Ал қайын атам қазір ауызекі сөйлеуді меңгеріп келеді. Жалпы Нью-Йоркте тұрақтап қалу үшін алдымен адам бұл қалаға не үшін бара жатқанын білу керек. Алдын ала ізденіп, қандай қиындықтар болатынын біліп келгені дұрыс. Бірақ жасыратын жоқ, көбі ішкі жарасын, бастан өткен қиындығын айтуға қысылады. Өз өмірін жүз пайыз әдемі қылып көрсетуге тырысатындар бар. Әрине, алғашында қиын болуы мүмкін. Үйді, туған-туысты тамақты, домбыра үнін сағынасың. Содан соң бірте-бірте үйреніп кетесің, – дейді ол.

Нью-Йоркте жұмыс істеу үшін алдымен жұмыс істеу туралы рұқсат берілген қағаз болуы шарт екен. Оны алу үшін белгілі бір виза түрі бар. Соған өтініш береді. Егер сол қағаз қолында болса, онда бұл қалада заңды түрде жұмыс істей алады. Десе де жұмыс істеуге рұқсат берілмеген визалармен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар екен. Олар – тәуекелге бел бұғандар. АҚШ-та жалақысы ең көп төленетін жұмыс бұл – медицина және IT мамандары болып табылады.

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай Молдажановтың Нью-Йорктегі өмірі

Ал жалақыға немесе біреуге бағынышты болып жұмыс істегісі келмейтіндер өзінің кәсібін ашады. Нөлден бастап бірте-бірте көтеріліп, осы жақта белгілі бір компания немесе дүкенде немесе үйде отырып ИП сияқты дүниелерді ашып жұмыс істеп жатқан қазақтың қыз-жігіттері көп. Қазақстанда алған біліммен бұл жақта жұмыс істеуге болады. Бірақ дипломдағы мамандық АҚШ-қа жарайма соған байланысты. Мәселен мен қазақ тілі мұғалімімін. Осы жақта мен университеттердің шағын кафедрасына тынысы тар бөліміне барып жұмыс істей аламын. Бірақ жалақысы аз болады. Сол үшін Америкаға маңызы жоғары мамандықпен келіп, осы жақта жұмыс істеп кеткен әлдеқайда тимді, – дейді.

2021 жылы Гүлжанар мен жолдасының арманы ата-енесіне Американы көрсету болса, кейін «Грин карта» арқылы жолдары болып, қоныс аударғаны қуантып отырғанын тілге тиек етті.

«Грин карта» деген жылына бір рет ойнатылатын ұтыс. Америка құрама штаты әлемнің түкпір-түкпірінен осы елдің өркендеуіне және мемлекеттегі әр алуан ұлттың түрлі-түрлі болып келуін қамтамасыз ету үшін осы ұтысты ұйымдастырады. Яғни, әр елден әр түрлі ұлт өкілдері келеді. Америка құрама штаттары болып тұрғандығының бір тұсы осы. Сол позицияны ұстап тұру үшін жыл сайын 55 мың адамға иммигрант жинайды. Әлемнің түкпірінен оған 18 жасқа толған азаматтар да қатыса алады. Қаласа 5-10 жылдан кейін Американың азаматтығын ала алады. 30-дан аса мемлекетке визасыз шығуға мүмкіндік бар. Грин карта ұтысы деген осындай ұғым, – дейді келіні Гүлжанар.

Бүгінде ол өзі бұл елге келгеннен бері ағылшын тілін меңгеріп алған. Сондай-ақ IT мамандығын бітіріп, сол бойынша компанияларға түйіндемені жіберу үстінде. Жолдасы логистика саласында қызмет етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға