Абай облысындағы Курчатов қаласында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ІІМ-не сілтеме жасап.
Жарылыс қаладағы шағын базардың аумағындағы кафелердің бірінде орын алған. ТЖМ алдын ала мәліметіне сәйкес, газ баллоны жарылған.
Салдарынан қаладағы Абай көшесі, 31 мекенжайындағы бірнеше үйдің терезесі бүлінген.
Төтенше жағдайдан бір ер адам зардап шекті, оның жағдайы қанағаттанарлық, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерді қоршауға алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға АЭС салу қаншалықты тиімді?
Келесі жаңалық
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады