Абай облысы Курчатов қаласының Абай көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті.
Барлау және өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері 21 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуына жол берілмеді, - делінген мәліметте.
Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

