Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
28.11.2024 23:49
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысының құтқарушылары жабылып қалған есікті ашып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірге қарасты Курчатов қаласының Олимпийск көшесі бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтердің кіреберіс есігі жабылып, 6 жастағы бала пәтерде қалып қойған. Осыдан кейін баланың әкесі есікті өз бетінше аша алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.
Құтқарушылар үш иінді сатыныңы көмегімен үшінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы әкесіне тапсырды, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

