Жаңалықтар

Күннен қорғайтын кремді қалай таңдау керек?

Тері күтіміне арналған кеңес
Күннен қорғайтын кремді қалай таңдау керек?
04.07.2017 10:05 17546

Егер күннің астында ұзақ жұрсеңіз, міндетті түрде күннен қорғайтын крем сатып алыңыз. Неге екенін түсіндірейік.

Күннен қорғайтын крем не үшін қажет?

Бұл косметикалық құрал сізді зиянды UVB және UVA күн сәулелерінен қорғайды. Біріншісі теріңізді күйдірсе, екіншісі – күйдірмейді, бірақ екеуі де теріңіздің ылғалдылығын азайтып, қартайтып жібереді, сонымен қоса терінің қатерлі ісігіне себепкер болуы мүмкін.

Барлық кремдер бірдей қорғай ма?

Жоқ. Кремдердің күннен қорғау деңгейі SPF факторға байлнысты, ал Sun Protection Factor 2-ден 50 дейінгі аралықта болады. SPF  жоғарылаған сайын қорғаныс фльтрі де күшейе түседі. Мысалы, SPF 2 ультракүлгін сәулелердің 50 пайызына қалған болса, SPF 50 – 98 пайызын ұстап қалады.

Қайсысын таңдаймыз?

Егер күн астында ұзақ жүрмесеңіз, дерматологтар SPF15 жеткілікті деп кеңес береді. Егер ұзақ уақыт күн астында жүретін болсаңыз SPF 30 және одан жоғары кремдерді пайдаланыңыз. Сонымен қатар күнге күю теріңіздің типіне де байланысты. Ақшыл адамдар жылдам күйеді, ал қараторы адамдар күнге сирек күйеді.

Бірден SPF 50 алсақ қайтеді?

Жоқ, себебі күннен қорғау кремдерінің барлығы сіз ойлағандай қауіпсіз емес. Кремнің құрамына кіретін кейбір қоспалар теріні тітіркендіріп, қышытуы мүмкін. Тіпті кремнің тағы бір түрлері біздің гормоналды жүйеміздің жұмысына әсер етуі мүмкін. SPF деңгейі төмендеген сайын, ағзаға тигізетін зияны соғұрлым азая түседі.

Кремдер тек SPF бойынша ерекшелене ме? 

Жоқ, күннен қорғайтын кремдер құрамындағы қоспаларға байланысты химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық кремдер теріге сіңеді де, күн сәулелерін жұтып, оларды жылу энергиясына айналдырады. Ал физикалық кремдер терінің бетінде қорғаныс қабатын түзіп, ультракүлгін сәулені шағылстырады.

Қайсысын таңдаған жөн?

Химиялық кремдердің теріде ізі қалмайды, тер мен суға шыдамды. Алайда теріге зияны көбірек. Аллергия тудыруы мүмкін. Олардың қорғаныс күші теріге жаққан соң 20 минуттан кейін басталады. Егер теріңіз сезімтал болса, кремді күнге шықпай тұрып жаққаныңыз жөн. Егер шомылатын болсаңыз, химиялық кремдерді таңдағаныңыз жөн. Соны мен қатар кремнің қандай сәулелерден қорғайтынына назар аударыңыз.

Кремдер барлық типтерден бірдей қорғамай ма?

Кейбір кремдер тек В типті сәулелерден қорғайды.  Бұл сәулелер теріңізді күйдіріп, қарайтады. Екі түрлі сәуле де теріңізге әжімдер түсіріп, қартайтады. Сондықтан кремді баратын жердің климатына, күн сәулесінің типіне байланысты таңдаған жөн.

Суға түскенде крем сумен шайылып кетпей ме?

Егер физикалық крем болса, міндетті түрде кетіп қалады. Сондықтан суға төзімді немесе water resistant  белгісі бар кремдер таңдаңыз. Кремнің қорғау әсері бірнеше сағатқа ғана арналған. Кремді суға түссеңіз де, түспесеңіз де бірнеше сағат сайын жаңартып тұрыңыз.

Егер крем артылып қалса, келесі жылға қалдыруға бола ма?

Кремді жарамдылық мерзімі аяқталған соң қолданудың еш мағынасы жоқ. Күннен қорғайтын кремді күн сәулесі астында қалдырмаңыз. Мүмкіндігінше салқын, қараңғы жерде сақтауға тырысыңыз, сонда келесі жылы да пайдалана аласыз.

SPF факторы бар кремді қашан және қалай жаққан дұрыс?

Құрамында SPF-факторы бар барлық кремдер бет терісіне далаға шығар алдында 20-30 минут бұрын жағылады. 20 минуттан кейін кремді тағы бір мәрте қайталап жаққан абзал. Күннен қорғайтын кремді жеткілікті деңгейде жаққанда ғана қорғаныс күшіне сенуге болды. SPF кремді макияж жасау барысында соңғы этапта пайдаланған жөн. Егер сіз алдымен күннен қорғайтын тональды кремді жағып, оның бетіне ылғалдандыратын май жағатын болсаңыз, SPF күшін жойып жібересіз. Себебі, ылғалдандыратын кремнің құрамындағы су сіз суға сүңгігенде қатар еріп, қорғаныш қабілетінен айырылады. Сол үшін судан шыққаннан кейін де, күннен қорғайтын кремді қайталап жаққан дұрыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға