Күніне 10 мың қадам жүрудің қажеті жоқ – ғалымдар
Денсаулықты сақтау үшін күніне 10 мың қадам жасау міндетті емес. Сидней университетінің ғалымдары жүргізген жүйелі шолу мен метасараптама көрсеткендей, одан аз қадам жасап та дәл сондай нәтижеге қол жеткізуге болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеушілер 160 мың адамды қамтыған 57 ғылыми жұмысты талдап, мынадай қорытындыға келді:
- 2 мың қадам – денсаулыққа пайдасы бар ең төменгі шек;
- 4 мың қадамнан бастап айқын оң әсер байқалады;
- 7 мың қадамға жеткенде, нәтиже ең жоғары деңгейге шығады.
Алайда осы межеден кейін қадам санын арттырудың қосымша пайдасы аз екенін көрсеткен.
Мысалы, күніне 7 мың қадам жасау өлім-жітім қаупін 47%-ға азайтса, 10 мың қадам да дәл сондай көрсеткіш береді. Деменцияның, жүрек-қан тамыр ауруларының немесе күйзелістің алдын алудағы айырмашылық та айтарлықтай емес.
Ғалымдар атап өткендей, 7 мың қадам – көпшілікке қолжетімді әрі психологиялық тұрғыда жеңіл мақсат. Сондықтан болашақта денсаулыққа қатысты ресми ұсыныстар өзгеруі әбден мүмкін.

