Күні-түні су тасқынымен күрескен Атырау тұрғындары көпшілікті тәнті етті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
12.04.2024 17:01
Фото:
Видеодан кадр
Тасқын қаупі төніп тұрған Атырау облысы Исатай ауданының тұрғындары күн демей, түн демей бірлесіп, еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде бір топ азаматтың құм толы қапты тасып жатқан бейнежазба таралды.
Ауыл азаматтары туған ел үшін, жер үшін күні-түні аянбай еңбек етуде, - делінген жазбада.
Желі қолданушылары ер-азаматтарға қолдау білдіріп, тілектерін жаудырды.
"Қаймағы бұзылмаған қазағым -ай, бірлігіңе ризамын", "Айналайын ай түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айырылды ау. Ер азаматтарымыз аман болсын", "Міне Алаштың нағыз ұрпақтары", "Күш-қуат берсін", - деп желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

