Күнге күймейді, суға шірімейді: Террасалық тақта қалай өндіріледі?
«Trilith Plastic» - еліміздегі құрылыс және әрлеу материалдарын өндіретін кәсіпорындардың бірі. 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зауыт шағын өндіріс санатына жатады және жергілікті нарыққа сапалы өнімдер жеткізеді. Мұнда тұрмыстық және техникалық мақсаттағы бөлшектер, террасалық тақтай, есік және терезе профильдері, әрлеу элементтері және құрылыс саласында қолданылатын қосалқы бөлшектер өндіріледі. Өндіріс желілері экологиялық таза материалдармен жұмыс істейді, ал өнімдері беріктігімен және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Кәсіпорын сапа мен сенімділікке ерекше мән береді. Біз осы кәсіпорында болып, өндіріс барысын өз көзімізбен көріп қайттық. Қазақстандық өнімнің сапасына, қызметкерлердің кәсіби деңгейіне және жұмыс үдерісінің ұйымдастырылуына көз жеткіздік. «Trilith Plastic» зауытының жұмыс барысын, өнім сапасын және отандық өндірістің дамуын көргіңіз келсе, шығарылымды көріңіз.