Жаңалықтар

"Күнде йогамен айналысамын". Арыстанбек Мұхамедиұлы үйқамаққа ауыстыруды сұрады

"Күнде йогамен айналысамын". Арыстанбек Мұхамедиұлы үйқамаққа ауыстыруды сұрады
Фото: автор 17.04.2023 16:06 939

Түстен кейін Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қаралды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі. 

Байқоңыр аудандық №2 сотының ғимаратына экс-министр жеткізілді. Отырыс барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның адвокаты соттан бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстыруды сұрады. 

Қорғаушы тарап сотталушының денсаулығы мен зейнеткерлік жасының нашарлығын дәлелдеді. Сонымен бірге Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі журналистерге күн сайын йогамен айналысатынын айтып, қуана жауап берді.

Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Талқылау кезінде Мұхамедиұлы темір тордың артында қалды.

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі іс бойынша сотталушылардың бірі Exponat компаниясының директоры Азамат Көшенов актер Тұңғышбай Жаманқұловты жауап алуға сотқа шақыруды сұраған болатын. Сот отырысы белгіленген уақыттан кейін басталды. 

Бұған дейін таңертеңгі сот отырысында Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев тергеп-тексеру әрекетінің нәтижесі туралы мәлімет жеткілікті емес екенін айтып, Тұңғышбай Жаманқұловты көпе-көрнеу жалған ақпарат таратып, кек алу мақсатында прокуратураға жалған деректерді алға тартып арызданғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға