Жаңалықтар

Күн сайын энергетикалық сусын ішсе не болады

Күн сайын энергетикалық сусын ішсе не болады
Фото: © Pixabay.com 29.11.2023 11:56 2939

Энергетикалық сусындар – дәруменді кофе алмастырғыш, тек денсаулыққа қауіптірек. Олардың құрамында кофеин мен көп мөлшерде қант бар. Кейбірінде В тобындағы дәрумендер, таурин антиоксиданты мен басқа да аз мөлшерде ингредиенттер қосылады.

Күн сайын энергетикалық сусын пайдаланса не болады

Жарты литр энергетикалық сусынның құрамында 160 мг кофеин бар. Ересек адам күніге 400 мг-ға дейін кофеин қабылдауға болады. Онымен қоса сусын құрамында 50 г қант та барын ұмытпау керек. Бұл күнделікті нормадан көп (норма ересек адам үшін 30 г, 7 мен 10 жастағы балалар үшін 24 г, ал 4 пен 6 жастағы балалар үшін 19 грамнан көп емес).

Күн сайын энергетикалық сусын ішсе не болады

Тістің жағдайы нашарлайды

Қантты жиі пайдалану кариеске алып келеді. Тәттінің арқасында ауыздағы бактерия көбейіп, эмальға кесірін тигізеді. Оны жұқартып, бактерияның тезірек тістің ішіне түсуге жағдай жасайды.

Қандағы қант деңгейі көбейеді

Күн сайын қантты нормадан асыра пайдалану ұйқы безді инсулинді көбірек өндіруге итермелейді. Бұл гормон глюкозаны жасушаларға тезірек сіңіруге көмектеседі. Мұндай өзгерістер диабетке алып келеді.

Салмақ қоса бастауыңыз мүмкін

Қанттың көп мөлшері салмақ косуға итермелейді. Тағы айта кететін бір жайт, қандағы глюкоза азаймағандықтан, оған қоса инсулиннің да мөлшері көп болғандықтан ағза бұл артықшылықты май екен деп қабылдайды.

Күн сайын энергетикалық сусын ішсе не болады

Диабет қаупі артады

Ілгеріде айтып кеткен мәселелер диабетке алып келетін төте жол.

Жүрекқан тамыр ауруына ұшырауыңыз ғажап емес

Энергетикалық сусындар қан қысымын көтеріп, жүректі жиі соғуға итермелейді. Осының кесірінен жүрек қағысына зиян келіп, тамыр жасушалары қабынады, тромбоциттер бір-біріне жабысып, қан құрамы нашарлайды. Осыдан кейін тіпті жас адамда инфаркт болуы мүмкін.

Беймаза күйге енесіз

Энергетикалық сусындар жайсыздыққа, мазасыздыққа алып келетіні дәлелденген. Сонымен қатар, стресс деңгейі артып, депрессия симптомдары күшейе түседі.

Ішектерде проблема басталады

Энергетикалық сусыннан адамның іші өтуі мүмкін. Оған себеп, кофеинді микробиоттар ұнатпайды, соның кесірінен микроағзаның әртүрлілігі төмендейді. Яңни, артық қантты ағзадан шығару үшін ішек айналасындағы тіндерден су тартуға мәжбүр болады. Бұл диарреяға әкеп соқтырады.

Бүйрек артық жұмыс істей бастайды

Энергетикалық сусын пайдаланған адам көбірек кіші дәретке отыруы мүмкін. Бұл ағзаны сусыздандырып, бүйректі артық жұмысқа жүктейді.

Күн сайын энергетикалық сусын ішсе не болады

Тәуелділік пайда болады

Кофеиннің өзіне тәуелді ететін құдіреті бар. Оның күшін сезіну үшін адам күн сайын көбірек кофеин пайдалануға мәжбүр болады. Ал егер бірден ішуді тоқтататын болса, мынандай жағымсыз белгілер пайда болуы мүмкін:

 - бас ауруы,

- қатты шаршау,

- жүрек айну,

- концентрация жоғалту,

- бұлшықеттердің ауруы,

‑ тіпті инусльт.

Энергетикалық сусынды немен алмастыруға болады

Шаршап тұрған адамға кофеиннен гөрі ұйқы көбірек көмекке келеді. Энергетикалық сусын шаршаудан арылтпайды, керісінше ағзаны екі есе шаршата түседі. Оған қоса, денсаулыққа орасан көп зиянын тигізеді.

Өз денсаулығымызға өзіміз зиян тигізбейік!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға