Күн қашан жылынады? Синоптиктер алдағы үш күнге болжам айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
21.02.2024 17:00
14874
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтарға қолайсыздық тудырған аяздың беті қайтпай тұр.
Болжамға сәйкес суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік антициклонның ықпалынан жаңбыр, қар жауып, жел мен бұрқасын күшейеді, - делінген ақпаратта.
Дегенмен циклон оңтүстіктен болса да, аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деу қиын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты