Өткен тәулікте Күн бетінде 10-нан астам жарқыл байқалды. Олардың бірі - ең жоғары X класына жататын қуатты жарқыл, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыш зерттеулері институтының Күн астрономиясы зертханасы бүгін сұмдық ақпаратты жариялады.
«Соңғы тәулікте 10-нан астам жарқыл тіркелді, соның ішінде ең жоғарғы X класты оқиға бар. Күтілетін әсер - қалыпты деңгейде, шыңы 11-12 қарашаға тұспа-тұс келеді» - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, алдағы тәуліктерде әлсіз геомагниттік толқулар мен төмен деңгейлі магниттік дауылдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, жаңа қуатты жарқылдардың пайда болу ықтималдығы да сақталып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

