Жаңалықтар

Күләш Байсейітованың қызы дүниеден өтті

Қарлығаш Қанабекқызы 82 жаста болған
Күләш Байсейітованың қызы дүниеден өтті
Фото: sputnik.kz 05.02.2023 08:22 3496

Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бүгін Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсеитов пен Күләш Бейсеитованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңізбен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады, - делінеді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының көңіл айту хатында.

Еске алайық, Күләш Байсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).

Қанабек Байсейітов (1905-1979) — әнші-актер, режиссер, драматург, Қазақ музыка театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театрының) негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі (1936), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға