Жаңалықтар

Құлаққапты қалай оңай тазалауға болады?

Гигиена
Құлаққапты қалай оңай тазалауға болады?
24.12.2016 17:45 10253

Есіңізге түсіріп көріңізші, соңғы рет құлаққабыңызды қашан тазалап едіңіз? Бүгін оқырмандарға құлаққапты шаң мен кірден тазалаудың маңызы туралы айтпақпыз. Жұмыста, жолда, үйде жүргенде құлаққап ең керек аксессуардың бірі. Осы себепті де құлаққапты жиі тазалап тұру керек.

Құлаққаптар әртүрлі зиянды бактерияларды тасуы мүмкін. Осының кесірінен құлаққа инфекция түсіп те жатады. Мысалы, құлақ маңы безінің және басқа да безді ағзалардың қабынуымен жүретін жедел вирусты жұқпалы ауру паротитті инфекциясы (parotitis) жұғуы мүмкін. Мұндай жағдайда өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит сияқты өзге де ауруларды шақыруымен қауіпті. Сондықтан құлаққап – жеке гигиеналық құрал. Әріптесіңіз, досыңыз, жақыныңыз сұрап жатқан күнде бермеуге тырысыңыз.

Құлаққапты тазалау үшін жұмсақ мата мен сабын керек. Бұдан соң сутегі тотығымен сүртіп қоюға болады. Ішкі металл тығынға кір тұнып қалған болса, ескі тіс щеткасы да кәдеге жарай береді. Құлаққапқа су тигізуге болмайды. Әрі құрылғыдан ажыратып барып пайдаланған дұрыс. Су тиген жағдайда өрт шығу қауіпі бар. Техникаға сенім жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға