Жаңалықтар

Құймақ пісірудің 10 құпиясы

Қулығыңызға жарайтын кеңестер
Құймақ пісірудің 10 құпиясы
16.01.2018 15:30 15213

Құймақ жегенді ұнатпайтын адам жоқ шығар, сірә! Алайда жұқа әрі дәм тіл үйіретін құймақ пісіру екінің қолынан келе бермейді. Себебе, әлегі көп. Бірде табаға жабысып қалса, бірде жыртылып не қатпиып қалуы ғажап емес. Құймақтың ұны талапқа сай шығу үшін, бабын таба білу керек.

Олай болса, El.kz сайты «Дастарқан» айдары үшін мінсіз әрі дәмді құймақ пісіру үшін қулығыңызға жарайтын 10 кеңес ұсынады.

1.Ең бірінші сапалы өнім алуға тырысыңыз.

2.Сүт пен айран таңдағанда майлылығы аздауын алыңыз. Егер сүтке минералды су араластырып, қосатын болсаңыз құймағыңыз жұқа әрі арасы селдір болып шығады.

3.Құймақ пісіруге арналған таба аларда ақшаңызды аямаңыз. Шойын (чугун) таба сізге әрі ұзақ қызмет етсе, екінші жағынан жылуды ұзақ сақтай алатындығымен ерекшеленеді.

4.Сүт жылы болуы керек және ұнды себерде міндетті түрде себет арқылы өткізіңіз.

5.Жұмыртқаға бір шымшым тұз бен керек мөлшерде қант қосып, алдымен бөлек араластырып алыңыз.

6.Ұнды алдымен жылы сүтке араластырып алыңыз, сосын ғана жұмыртқаға қосыңыз.

7.Жұмыртқаны ертерек тоңазтқыштан шығарып қойыңыз. Бөлме температурасында болғаны маңызды.

8.Егер ұныңыз қою болып кетсе, әсте уайымдамаңыз, оны сұйылтуға болады. Сүт қоссаңыз құймағыңыз күйіп кетуі мүмкін, су қосқан дұрыс.

9.Дайын қоспаға 2-3 ас қасық шемішке майын қосуды ұмытпаңыз. Құймақ табаға мүлде жабыспайды.

10.Ал, енді дайын құймаққа лимон шырынын бүркіп қалсаңыз, дәмі тіптен баурап алады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға