Видеодан кадр

Күдіктілер Шерзат Болаттың әр туысына 20 млн теңгеден береді

05.06.2025 16:37

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот айыпталушылардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Абзал Шынасылдан төмендегідей сомалар өндірілді:

  • 20 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына

  • 20 миллион теңге — Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшенбиеваға

  • 20 миллион теңге — Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыроваға

Равиль Сакиевтен:

  • 15 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына

  • 15 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет және Равиль Сакиев келесі сомаларды төлеуге міндеттелді:

  • 10 миллион теңге — Гүлбара Бейшенбиеваға

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет:

  • 10 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына

  • 10 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға

Осылайша, сот жәбірленуші тараптардың материалдық зиян туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Бұған дейін айыпталушыларға судья үкім шығарғанын жазған едік.