Жаңалықтар

Күдебаев Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін

Күдебаев Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін
Фото: instagram.com/police_almobl 20.04.2023 11:18 1418

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қалай қашқаны туралы айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мәжіліс отырысына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов келген.

Ол өзі тауға жақын тұрады. Туған жерінде тау бар. Жеке фермасы да тауға жақын ораласқан. Сондықтан тау арқылы қашқан деген болжам жасалып отыр, -деді Ерлан Алдамжұманов.

Бұған дейін Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны айтылған.

Қазіргі кезде бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды.

Бұған дейн бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев  Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келгенін айтқан. Қырғыз тарапы Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Стамбұл қаласына ұшып кеткенін анықтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға