Жаңалықтар

Криштиану Роналду рекорд жасады

Криштиану Роналду рекорд жасады
Фото: instagram.com/cristiano 04.09.2023 02:35 929

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду спорттық мансабындағы 850-голын соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдызды шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының бесінші турындағы матчта көзге түсіп, «Ән-Наср» командасы сырт алаңда «Әл-Хазмды» 5:1 есебімен ұтты. Роналду бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді және гол соғу бойынша әлемдік өзінің рекордын жаңартты. Екінші орында 818 гол соққан аргентиналық «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси келеді.

Осы орайда футболшы жаңа рекордқа қатысты пікір білдіріп, мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты.

Тағы бір керемет командалық ойын! Біз көрсеткішті жақсартуды жалғастырудамыз. Мансабымдағы 850 гол және бұл әлі соңы емес, - деп жазды Роналду твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін португалиялық футболшы ұлттық лигалардағы 517-ші голын соғып, жаңа әлемдік рекорд орнатып, футбол тарихына енді.

Сауд Арабиясы чемпионатының төртінші турындағы «Аль-Шабаб» клубына қарсы ойында Роналду ұлттық лигалардағы 516-шы және 517-ші голды соғып, дубль жасады. Осылайша, португалдық ұлттық лигалардағы голдары бойынша әлемдік футбол тарихындағы үздік бомбардир, – деп мәлімдеді Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS).

Криштиану рекордты ұзақ уақыт сақтап қалған Йозеф Бицан мен Ференц Пушкашты басып озды (әрқайсысы 515 гол). IIFHS рейтингте аймақтық лигалардағы ойыншылардың соққан голдары ескерілмейтінін, тек ұлттық чемпионаттар қарастырылатынын хабарлады. Сондықтан Пеле, Ромарио және басқа да атақты бомбардирлер тізімде жоқ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға