©Reuters

Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақырту алды

04.10.2025 03:19

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарында Португалия құрамасында ойнайды. Бұл туралы  ұлттық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

11 қазан күні португалдар Ирландиямен кездессе, 14 қазанда өз алаңында Венгрияға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 40 жастағы Роналду Португалия сапында 223 матч өткізіп, 141 гол соққан және 45 нәтижелі пас берген.