getty images

Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады

«Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты өз карьерасындағы соңғы жарыс болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Бұл турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатыспақ.

Шын айтайын, мен “жақында” деп айтқанда, бұл, бәлкім, тағы бір-екі жыл дегенді білдіреді, - деді Роналду.

40 жастағы португалдық футболшы бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының екі мәрте жеңімпазы. Сондай-ақ ол ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы және клубтық әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген болып табылады.

Криштиану Роналду 2022 жылдың желтоқсанында саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысқан. Бұған дейін спорттық мансабында «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания) және «Ювентус» (Италия) командаларында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Роналду 2003 жылдан бері Португалия құрамасында ойнап келеді.