Жаңалықтар

«Көзі ағарып құлады». Шымкентте спортзалда көз жұмған бала туралы тың дерек айтылды

«Көзі ағарып құлады». Шымкентте спортзалда көз жұмған бала туралы тың дерек айтылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.01.2024 11:45 1265

Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағында жүрегі тоқтап қайтыс болған оқушыға қатысты тың деректер айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2010 жылы туған жасөспірім сол күні өзін жақсы сезінген. Алғашқы сабақтарда мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, белсенді болған. Алайда, дене шынықтыру сабағында есінен танып, мұғалімнің дәл алдында көзі ағарып құлаған екен. Жедел жеткен білім ордасының медбикесі оқушыға спирт иіскеткен.

Азаматта мүлде реакция болмады. Содан кейін мақта алып, мұрнына жақтым. Сәл қимылдағандай еді. Бәріміз қуанып кетті, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де аяқ-қолын уқалап массаж жасап жатты, дейді  Гүлжамал Розиева.

Жедел жәрдем жеткенімен, олар ештеңе істей алмай шұғыл жедел жәрдемді шақыртқан. Олар баланың жүрегі тоқтап қалғанын бірден ескертіпті.

Мектеп медбикесі мен мұғалімдері қайтыс болған баланың денсаулығында бұған дейін ешқандай кінәрат болмағанын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға