Жаңалықтар

"Көз тимесе екен": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келіні туралы жан тебірентерлік жазба жариялады

"Көз тимесе екен": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келіні туралы жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: instagram.com/sarkenova.aigerim 06.09.2024 22:24 2213

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова желі парақшасында ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық әнші Қайрат Нұртастың анасы Әйгерім Сәркенованы ата мен ененің, бүкіл ағайынның ақ батасын алған келін  екенін атап өтті. 

Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын, ботам! Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың, саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, Сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла!",-деп жазды продюсер. 

Желі оқырмандары да өнерлі отбасының келінін меншікті мерекесімен құттықтап, барлық мақтауға лайықты екенін алға тартты.  

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға