Видеодан алынған кадр

Косовода әскерилер мен сербиялықтар қақтығысты

30.05.2023 03:10

Косовоның солтүстігінде жергілікті полиция мен сербиялықтар арасында қақтығыс жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KFOR күштері Звечан муниципалитетінің алдында ереуілдетіп жатқандарды таратуға әрекеттенуде. Тіпті көз жасаурататын газ да, жарық-шу гранаталарын да қолданды. Ауаға атылған автомат дыбысы да естілген. БАҚ қарулы күштермен қақтығыс кезінде екі сербиялықтың жарақат алғанын мәлімдеді.

Ал тұрғындар Солтүстік Косовска-Митровица муниципалитетіне албаниялық азаматтың басшы етіп тағайындалуына наразы.