Көшпеншілер ойындары: Түркиядан шыққан саяхатшылар Ақтөбенің Темір ауданына аялдады
Мөлдір Қайнар тілші
Түркиядан шыққан саяхатшылар Ақтөбенің Темір ауданына аялдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Темір ауданының әкімдігі Түркияның Анкара қаласынан шыққан саяхатшы ерлі-зайыптыларды Ақтөбе-Астрахань тасжолынан күтіп алды. Оларға құрмет көрсетіп, дәм ұсынды. Өз кезегінде түрік саяхатшы-блогерлері құрмет үшін алғысын білдірді. Қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылып, аудан өнерпаздары мен жастары сый-құрметтерін көрсетті.
Олар Ақтөбе-Астрахань автомагистралі бойындағы «Бопай» жол бойы қызмет көрсету орталығына орналасты.

