Жаңалықтар

Көшпенділер ойыны: Ашылу салтанатын BAQ.KZ порталы тікелей эфирде көрсетеді

Көшпенділер ойыны: Ашылу салтанатын BAQ.KZ порталы тікелей эфирде көрсетеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.09.2024 17:42 396

BAQ.KZ ақпараттық агенттігі бүгін сағат 19:00-де дүбірлі доданың ашылу салтанатынан тікелей трансляция ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүкіл әлем көз тіккен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ашылуы салтанаты 19:00-де басталады.

Ашылу салтанатын BAQ.KZ ақпараттық порталынан 18:30-дан бастап тікелей эфирден тамашалай аласыздар. 

Сондай-ақ Qazcontent мекемесінің шығармашылық тобы ұсынған қызықты сюжеттерді көре аласыздар. Тілшілер жарыс өтетін нысандардан жедел хабар таратып, эксклюзив сұхбаттар ұсынады.

Тікелей эфирді мына сілтемеден тамашалауға болады: https://www.youtube.com/live/Dgwm4vqBsCY

Қалыптасқан дәстүр бойынша ашылу рәсімінде спорттық делегациялардың шеруі өтеді. Соңында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композияция орындалады.

Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істейді. 1 300 волонтер қызмет атқарады. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.

Ойындар бірнеше жерде өтеді: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға